
Өндіріс • 29 Шілде, 2025
Жергілікті өнімге сұраныс жоғары
Өңірде өнімін алаулатып-жалаулатып жарнамаламай-ақ, байыпты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық. Өйткені мұндай өндіріс орындарынан шығатын өнімге деген сұраныс қашанда жоғары. Мысалы, Қостанай агромеханикалық зауыты топырақ өңдеу, тұқым, астық, шөп тасу жұмыстарында жүрген техникаға қажет аспалы және тіркемелі агрегаттар мен олардың ұсақ бөлшектерін шығарады.
Жоба • 26 Шілде, 2025
Көлік-логистика саласындағы іргелі жоба
Қостанайда ірі инфрақұрылымдық жобаның бірі – «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы басталды. Өңір өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында қолға алынған халықаралық хаб қала аумағында орналасады, сондай-ақ келешекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген транзиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі торабына айналмақ.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Арқалық қаласының тұрғыны Махамбет Иманқұл өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына гүл өсіріп, ала жаздай күтіп, баптап ұстап отыр. Күнара арамшөбін жұлып, суарып тұрады.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Торғайда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» атты этно-реалити жобасы аясындағы жарыстар өтті.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бес өңірінде орналасқан бұрынғы Президент резиденциясы бұдан былай балалардың игілігіне қызмет ету керегін қадап тапсырған еді. Қостанай облысындағы резиденция биыл күзге дейін толық жөндеуден өтіп, жүйке дертіне шалдыққан, қимыл-қозғалысында кінәраты бар балаларды емдеу, өмірге бейімдеу орталығы болып қайта ашылады.
Өшпес даңқ • 04 Шілде, 2025
Соғыс жылдары тылдағы тіршіліктің бар ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Ер-азаматын, әкесін, ағасын майданға шығарып салған аналар, қыз-келіншектер, шиеттей бала-шаға ауыр еңбекке араласып станокта тұрды, оқ-дәрі шығарды, комбайн-тракторға мініп жер жыртты, егін орып, масақ терді, жер астына түсіп көмір қазды, кен өндірді.
Жәдігер • 12 Маусым, 2025
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған әдеби мұражайда Алаштың алдаспаны Міржақыпқа қатысты бірталай дүние сақтаулы тұр.
Талбесік • 06 Маусым, 2025
Торғайға жеті керқұлан жеткізілді
Маусымның екінші күні жеті керқұлан тиеген екі әскери ұшақ Чехия, Мажарстан жерінен ұшып шығып, келесі күні таң ата Арқалыққа келіп қонды. Бұл – «Жабайы жылқыларды тарихи мекеніне қайтару» жобасы аясында жасалған екінші халықаралық әуе сапары.
Айбын • 04 Маусым, 2025
Рәміздер күні қарсаңында Қостанай тұрғындары Елтаңба авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібековпен кездесті.
Құқық • 04 Маусым, 2025
Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық қызметтері шартты түрде сотталғандардың жүріс-тұрысы мен тәртібін электронды бақылау құралы арқылы қашықтан қадағалайды. Өңірде жазасын шартты түрде өтеп жатқан 130 адам қолына осындай электронды білезік тағып жүр.