
Марапат • 30 Қазан, 2023
Қарабалық ауданына қарасты Михайлов ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Талғат Қаймусинді жергілікті тұрғындар антына адал сақшы, көпке жанашыр, қырағы полиция қызметкері деп біледі.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
108 отбасының су жаңа шаңырағы
Қостанайда тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Республика күні мерекесі қарсаңында «Юбилейный» шағын ауданындағы тоғыз қабат еңселі үйге баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәмелетке толған жетім балалар мен зейнеткерлер қоныстанды. Қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы келіп құттықтап, әр отбасына пәтер кілтін табыс етті.
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
Қостанайда Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылау өтті
Қостанай облысының Азаматтық альянсы мұрындық болған маңызды іс-шараға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, энергетиктер, өңірдің белсенді азаматтары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Нағыз құтқарушы жүретін соқпаққа түсу үшін тек жалаң күш пен көзсіз батыр болу аздық етеді. Шын құтқарушының медицина мен психология саласынан да хабары болу керек. Өйткені күнделікті қызмет барысында адамдарға алғашқы дәрігерлік, психологиялық көмек көрсетуге, биікке өрмелеп, қып-қызыл шоқтың көзіне қойып кетуге, ақ боранның астынан адаспай жол тауып, адам өмірін арашалауға, кейде мұз астына сүңгуге тура келеді.
Көрме • 19 Қазан, 2023
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында жас қылқалам шебері Екатерина Артемьеваның жеке көрмесі ашылды. Ашылу рәсіміне жергілікті зиялы қауым өкілдері, студенттер мен көркемсурет мектебінің шәкірттері қатысты.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Жітіқара өңірі мен Челябі облысының Бреды ауданын бөліп жатқан мемлекеттік шекараның түбіндегі адыр-адырға ұласып жатқан аласа төбешіктердің бірі Қарауылтөбе аталады. Кішкентай ғана төбешіктің тауға бергісіз тарихы бар. Қарауылтөбенің үстінде беті кесек-кесек шақпақ тастармен жабылған төмпешіктер көп. Көнекөз қариялардың әңгімесінде бұл тас зираттардың астында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан сұлтандардың, батырлар мен сарбаздардың жатқаны айтылады.
Әлем • 17 Қазан, 2023
Мәскеуде төтенше жағдай жарияланды
Қостанай ауданының Мәскеу ауылдық округінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Аудан басшылары ауыл тұрғындарын дер кезінде ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкін болмай бара жатқандықтан осындай шұғыл шешім қабылдауды жөн көрген.
Аймақтар • 16 Қазан, 2023
Өңірде шабындықтар мен ерте орылған алқаптар қайта көктеп жатыр. Шаруалар мұны күзге салым басталып, бір ай бойы толассыз жауған жаңбырдан кейінгі құбылыс деп отыр.
Шаруашылық • 13 Қазан, 2023
Алқаптағы арпалыс аяқталмай тұр
Ауа райы қолайлы жылдары шаруалар қазан айының алғашқы онкүндігіне дейін алқаптағы астығын қамбаға құйып бітіп, ендігі майлы дақыл – мақсары мен зығырын жинап алудың қамына кірісіп кететін. Биыл оған күзгі жауын-шашын кедергі болып, науқан созылыңқырап кетті.
Қоғам • 12 Қазан, 2023
Алда келе жатқан Республика күніне орай, Қостанайдағы «Қонай» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа үйге баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен кәмелет жасына толған жетім балалар қоныстанды. Еңселі үйдің ауласында өткен қоныс қуанышына қала әкімі Марат Жүндібаев қатысып, баспаналы болған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.