Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай өңірінде 25 желтоқсанда түн ауғанша майда жаңбыр себелеп тұрды да, ертеңінде алай-дүлей ақ боран басталып кетті. Синоптик мамандар желдің күші секундына 30 метрге дейін жеткенін хабарлады. Салдарынан өңірде 113 елді мекен электр жарығынсыз қалды. Тұрғындардың айтуынша, дүлей боран бірқатар тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткен.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында 165 елді мекен жарықсыз қалды
Екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен қарлы боранның салдарынан облыс аумағында 165 елді мекеннің электр желілері істен шығып қалды. Жарықсыз қалған елді мекендерде электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында автокөлік жолдары жабық тұр
Кеше түн ауғанша жаңбыр себелеп, оның арты көктайғаққа ұласты да, таңертең ақтүтек боран басталып кетті. Синоптиктердің болжамынша, желдің күші секундына 30 метрден асады. Қазір өңірде қарлы боран күшейіп, жол үстін қалың тұман басып тұр. Дауыл тұруы мүмкін деген ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023
Шағын бизнестің өрісін кеңейтуді көздейтін қайтарымсыз гранттардың істің көзін таба білген азаматтарға шарапаты көп тиіп жатыр. Мәселен, Арқалық қаласының тұрғыны Ержан Құдабаев кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысып, 1 млн 380 мың теңгенің грантын ұтып алған. Нәтижесінде, баяғы шопандардың ауылын аралап жүретін автомонша жасап алып, елден саяқ қонған малсақ ағайынның қажетін өтеп жүр.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023
Рудныйда кезекте тұрған 40 отбасы пәтер кілттерін алды. Еліміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында қуанышқа кенелген тұрғындардың арасында 15 жыл бойы баспана кезегінде тұрғандар бар.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023
Қостанайдағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты
Қостанай қаласына қарасты Амангелді елді мекеніндегі құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2023
Қостанайдағы жарылысқа қатысты тың деректер белгілі болды
11 қарашада шамамен 12:36-да Қостанай қаласына қарасты Амангелді елді мекенінде «КамазЦентр» мекемесі жалға алып отырған жүк көліктерін жөндеу бекетінде газ жарылып, ауданы 280 шаршы метрлік ғимараттың ішіндегі дүниенің бәрі қирап, құлаған. Жарылыс кезінде ғимарат ішінде болған адамдардың біразы қиранды астында қалған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2023
Қостанайда газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалды
Бүгін сағат шамамен 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, бір қабатты ғимараттың төбесі опырылып жерге түсті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023
Қостанайда Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңір шаруашылықтарының өткен еңбек маусымы қорытындыланып, биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, еселі еңбек етіп, мол өнімге қол жеткізген шаруашылық басшылары марапатталды.
Оқиға • 30 Қараша, 2023
30 қараша күні сағат 15:50-де Шаяхметов көшесінің бойындағы көпқабатты құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан кран құлады. Кабинада 49 жастағы краншы отырған. Марқұм сол жерде қаза тапты.