
Шаруашылық • 02 Шілде, 2023
Үйірлі шегіртке егістікті отап жатыр
Жангелдин ауданындағы 6 шаруа қожалығының 10 мың гектар егістігін үйірлі шегіртке отап тастады. Зиянкестер Науырзым ауданының Буревестник елді мекеніне қарасты шаруашылықтардың да мыңдаған гектар егінін жеп қойған. Онсыз да таң ағарғаннан түн ауғанға дейін жерін жан-жақтан анталаған киіктен қорып, сілесі қатып жүрген диқандар енді жығылғанға жұдырықтың кебін киіп, кімнен көмек сұрарын білмей отыр.
Экономика • 30 Маусым, 2023
Осыдан бір жыл бұрын шаруа қожалықтары өсірген бидайдың бағасы тоннасына 150-160 мың теңге еді. Тіпті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өнімін 170-180 теңгеден өткізіп қарық болып қалған. Өкінішке қарай, бүгінде бұл баға көзден бұлбұл ұшты. Қазір Қостанай диірмендері бидайдың бір тоннасын былтырғы жемнің бағасынан төмен – 75 мың теңгеден қабылдап жатыр.
Аймақтар • 26 Маусым, 2023
Науырзым өңірінің диқандары егіндерін киіктен қорып әлек. Түзде үйір-үйірімен жөңкіліп жүрген жануарлар шаруашылық алқаптарына түсіп, дұрыстап бойлап та үлгермеген егіннің шетін жеп жатыр.
Туризм • 20 Маусым, 2023
Талай тарихтың тылсым сырын бүгіп жатқан Торғай даласының дарқан табиғаты, балығы тайдай тулаған өзен-көлі мен шипалы ыстық суы, қара тұзы, үйір-үйір киік жөңкілген құла түзі, қолайын тапса, танымдық, медициналық, аңшылық, саятшылық туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. Алайда осының бәрін ұқсатып үйлестіріп, туризмді кәсіпке айналдыру үшін қолайлы инфрақұрылым қажет.
Аймақтар • 20 Маусым, 2023
Қостанайдағы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері дәстүрлі Сабантой мерекесін атап өтті. Ежелден жер ырыздығын емген диқандар науқан қарсаңында егін бітік, өнім берекелі болсын деген ниетпен тойлап келген еңбек мерекесі кейінгі жылдары мазмұнын кеңейтіп, осы өңірде тұрып жатқан сан алуан ұлттың ырыс-ынтымағын дәріптейтін шын мәніндегі достық мерекесіне айналды.
Жәдігер • 19 Маусым, 2023
Жаудың құтын қашырған күлдірмамай
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрған калибрі 25 мм, салмағы 7 кило болатын ұзын мылтықты 1981 жылы И.Краснобородиков деген кісі тапсырыпты. Жанындағы кішірегі – Амангелді батырдың сенімді серігі, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің мыңбасы сардары болған Ыбырай Атамбектің мылтығы.
Экономика • 19 Маусым, 2023
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен кездесіп, Президент Жолдауында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Қоғам • 14 Маусым, 2023
Қостанайлықтар Абай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігін «Amanat» партиясының облыстағы өкілдері шығарып салды.
Театр • 14 Маусым, 2023
Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры жиырма үшінші маусымын «Шолпанның күнәсі» премьерасымен аяқтады. Мағжанның әйгілі шығармасын сахналаған – театрдың көркемдік жетекшісі, Тобыл өңіріндегі өнер ордасына тың ізденіс, соны серпін әкелген шебер режиссер Батырбек Шамбетов.
Дін • 14 Маусым, 2023
Қостанайда кезінде Тобыл жағалауын мекендеген Мінайдар болыс бастаған қазақ байларының қаржысына салынған Марал ишан атындағы ақ мешіттің 130 жылдық белесі аталып өтті. Дүбірлі тойға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, өңір зиялылары, Марал ишан Құрманұлының Тобыл, Сыр өңірі мен Ташкентке тараған ұрпақтары келіп қатысты.