
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022
Індет қайта етек ала бастаған Қостанай облысы да «сары аймаққа» көшіп, шектеу шараларын күшейтті. Облыстық денсаулық сақтау департаменті 10 қаңтарда 3 адам COVID-19 жұқтырды деп мәлімет беріп еді, бұл көрсеткіш айналдырған 6 күннің ішінде жүздің үстіне бір-ақ шықты.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2022
Әлеуметтік төлемдер кешіккен жоқ
Қостанай облысында зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тұрғындардың жеке есепшотына өз уақытында келіп түсті.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022
Қостанай қаласының 62 жастағы тұрғыны Асылбек Есмағамбетов үйдегі шаруасының біразын әртүрлі техниканың бөлшектерінен өз қолымен құрастырып алған трактордың көмегімен тындырады. Шағын тракторға қуаты 13 ат күшіне тең қытайлық Lifan көлігінің қозғалтқышы қондырылған. Ауланың қарын күреп, шағын тіркемеге жүк тиеп тасуға осы шағын мотордың өзі-ақ жетіп жатыр.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022
Қостанай ауданына қарасты Жуков елді мекенінде тұратын 14 жастағы Кирилл Дукарт боранды күні жылқы іздеуге шығып кетіп қайта оралмаған. Ауылдан жаяу шыққан жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы тосын хабар үшінші қаңтарда түстен кейін белгілі болды.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022
Алқап жұмыстарына арналған техниканың ішінде «Киров» тракторының орны алабөтен екенін жер өңдеп, дән еккен диқан жақсы біледі. Жұмысы өнімді бұл тракторлар бізге бұрын негізінен Ресейден келетін. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан теріскейдегі көршімен өндірістік кооперацияны дамыту жөнінде уағдаласқан соң, аса қуатты трактор Қостанайда да құрастырыла бастаған.
Театр • 29 Желтоқсан, 2021
Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында Сирия драматургі Саадала Ваннустың «Сұлтанның аты – сұлтан» комедиясының премьерасы өтті. Қойылымды тәжіктің белгілі театр режиссері Барзу Абдураззаков сахналады.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Өңдеу өнеркәсібі өркендеген Қостанай қаласында экспортқа жоғары сапалы өнім шығаратын тағы бір ет комбинаты ашылды. Beef export group деп аталатын жаңа кәсіпорын жылына 20 мың тонна ет өңдеп, одан шығатын сан түрлі өнімдер мен жартылай фабрикаттарды Қытай, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктеріне, сондай-ақ Ресейдің іргелес аймақтарына сататын болады.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Олег Пирог Президенттің Алғысхатын алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы саяжайлардың бірінде өртке оранған үйдің ішінде қалған төрт баланы құтқарған 5-сынып оқушысы Олег Пирогқа ерлік пен қайсарлығы үшін Алғысхат жолдады. Олег Қостанайдағы №22 орта мектепте оқиды.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Төрт баланы өрттен құтқарған Олег Пирогқа көлік мінгізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы саяжайлардың бірінде өртке оранған үйдің ішінде қалған төрт баланы құтқарған 5-сынып оқушысы Олег Пирогқа ерлік пен қайсарлығы үшін Алғыс хат жолдады. Олег Қостанайдағы №22 орта мектепте оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Үйі өртенген отбасына пәтер берілді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов төрт баланы өрттен құтқарып қалған жасөспірім Олег Пирогпен кездесті. Облыс басшысы үйі өртеніп, баспанасыз қалған Өмірзақовтар отбасын да қабылдап, отағасына пәтер кілтін табыс етті, деп жазады Egemen.kz.