
Президент • 12 Қазан, 2021
Бұған дейін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдағы екі ай ішінде вакцина қабылдаған тұрғындардың жеңіл автокөлік ұтысына қатысатынын айтқан еді. Осы кезеңде 73 477 адам екпе алып, автоматты түрде ұтыс ойнының қатысушысы болып тіркелген. 2021 жылы құрастырылған Chevrolet Nexia автокөлігін Рудный қаласында тұратын 69 жастағы зейнеткер ұтып алды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2021
Ұлы тұлғалар есімдері беріледі
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясында аймақтағы 9 мектепке қазақтың ұлы тұлғаларының есімдерін беру жөніндегі ұсыныс мақұлданды.
Экономика • 07 Қазан, 2021
Былтыр 4,1 млн тонна жер ырыздығын жинаған Қостанай облысының диқандары осы күзде 3 млн тоннаға жетпейтін өнім алды. Өйткені көктемгі дән сіңіру науқанынан кейін басталған аптап ыстық екі айға созылып, кеберсіген топырақ астындағы тұқымның біразы тасқа айналды. Мұндай құрғақшылық 2012 және 2019 жылдары болған. Мамандар биылғы өнім көлемі сол жылдары алған астықтан жоғары деп отыр.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Торғай даласындағы 6 киікке арнайы ғарыштық бақылау құрылғысы бар мойынбаулар тағылды. Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері қолға алған бұл шара үйірлі жануарлар үдере көшіп, жаңа мекеніне аялдағанға дейінгі жолды қадағалап отыру мақсатында іске асырылып жатыр.
• 04 Қазан, 2021
Қостанай облысында жүк тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері сұйытылған газ бен дизелді отынның күн санап қымбаттап жатқанын айтып дабыл қағуда. Осыған орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде құзырлы орындардың өкілдері журналистермен кездесіп, нарықтағы жағдайды түсіндірді.
Өнер • 04 Қазан, 2021
Ілияс Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрының жаңа маусымы өзбек драматургі Шараф Башбековтың «Темір қатын» комедиясымен ашылды. Көрерменін бірде күлдіріп, бірде ой тереңіне батырған қойылым күнделікті қарапайым тұрмыстық қарым-қатынастарды сахнаға шығару арқылы бүгінгі қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіз құбылыстарды ашып көрсетеді.
Коронавирус • 30 Қыркүйек, 2021
Қостанай облысында 86 мектепте Covid-19 анықталып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирус жұқтырған оқушылардың саны 463-ке жеткен. Қазір облыс орталығындағы инфекциялық ауруханада 20 бала емделіп жатыр, ал қалған науқастар амбулаториялық режімде ем шараларын қабылдауда.
Білім • 29 Қыркүйек, 2021
Еліміздің ең үздік ұстаздары бас қосты
Тобыл өңіріне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен келді. Министр ең алдымен облыс әкімімен бірге Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ағартушының рухына тағзым етті. Қостанайда биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы да кеңінен аталып өтуде.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021
Заңсыз тексеріс үшін жазаға тартылады
Қостанай облысында бірнеше шенеунік кәсіпкерлерді заңсыз тексергені үшін заң алдында жауап беретін болды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге үш жылға дейін мораторий жарияланғанына қарамастан, Сарыкөл ауданының мемлекеттік қызметшілері сол өңірде қоқыс полигонын ұстайтын «Тазалық-Сарыкөл» серіктестігіне тексеріс жорығын жиілетіп жіберген.
Бизнес • 26 Қыркүйек, 2021
Шектеуде ширыққан шағын бизнес
Пандемия басталғалы шағын бизнестің де тынысы тарылып, бұған дейін өркендеп тұрған талай шағын кәсіпорындардың өндірісі тұралап, табысы ортайып қалғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл жағдайға ерекше тоқталып, күрделі кезеңнің қиындығын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге түрлі жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер берілгенін, бұл мақсаттағы мемлекеттік қолдау әлі де жалғасатынын айтты. Індетке қарсы карантин шаралары бірде қатайып, бірде жібіңкіреп тұрған елең-алаң кезеңге қарамастан, ел ішінде білек түріп бизнес ашып, шағын да болса кәсібін дөңгелетіп әкеткен азаматтар жүр. Шектеуде ширыққан талапты жандардың істеп жатқан тіршілігі көңілге мұз көбесін жарып шыққан жауқазындай жылу ұялатады.