
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021
Тобыл өңіріне тропикалық көбелектердің жылжымалы экспозициясы келді. Климаты ылғалды, ыстық аймақтарды мекендейтін қанаттылардың үйшігі арнайы құрылғымен жабдықталған. Оны инсектариум деп атайды екен. Оның ішінде кәдімгі ет жаятын ағашқа ұқсайтын бамбук таяқшасында жұлдызқұрттар ілініп тұр. Бұл жерде көбелектің қалай пайда болатынын көре аласыз. Мәселен, біздің көз алдымызда бір жұлдызқұрт жыбыр ете қалып, қанатын жайды.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында денсаулық сақтау саласын жас мамандармен толықтыру мәселесі қаралды. Аймақта медицина қызметкерлері жетіспейді. Облыстық мәслихат депутаттары бұл мәселенің оңтайлы шешілуі үшін биыл өңірге келетін жас мамандарға берілетін көтермеақы мөлшерін көбейту туралы шешім қабылдады.
Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021
Кәсіпорындарды тексеру басталды
Қостанайда кәсіпорын жұмысшыларының короновирусқа қарсы екпе алған-алмағанын тексеру басталады. Тексеру рейдтерін өткізу алгоритмі КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі салааралық комиссия отырысында мақұлданды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Әлеуметтік желіде «Қостанай қаласындағы №7 мектептің оқушыларына ата-аналардың рұқсатынсыз вакцина егіліп, салдарынан 2 оқушы көз жұмды. Тағы үш бала жансақтау бөлімінде жатыр» деген жаманат хабар тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жұртты дүрліктірген бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2021
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайында екі қызыл кірпіш сақтаулы тұр. Сөреге «Ыбырай Алтынсарин мектебінің іргетас кірпіші, 1884 ж. 2000 жылы Алтынсарин мектебінің түлегі, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Қалқаман Жақып табыс етті» деп жазылған. Алдыңғы буын зиялылар бұл кірпішті «Қалқаманның қызыл кірпіші» деп атап кеткен. Ұлы ағартушының көзіндей болған құнды жәдігердің бұлай аталуының да өзіндік сыры бар.
Коронавирус • 16 Қыркүйек, 2021
Науқастардың 97%-ы вакцина қабылдамаған
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, сондай-ақ өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаев қатысып, аймақтың эпидемиялық жағдайы мен індеттің таралым аясын тарылту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
«Елім үшін егілемін» штабы – Қостанайда
Қостанай облысына «Елім үшін егілемін» республикалық азаматтық штабының өкілдері келді. Жұмыс тобы өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындардың, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің ұжымдарымен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, ел көлемінде жүріп жатқан індетке қарсы күрес шаралары жөнінде ой бөлісті. Азаматтық штаб өкілдері Тобыл өңіріндегі жұмыс сапарының екінші күні жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің сауалына жауап берді.
Коронавирус • 15 Қыркүйек, 2021
Қостанай облысында өңірлік жедел штаб күнделікті жариялап отыратын мәліметтер аймақта індеттің таралу деңгейі өткен аптаның соңында едәуір төмендегенін көрсетеді. Мысалы, 1 қыркүйекте облыста 237 адам COVID-19 жұқтырса, өткен жұмада бұл көрсеткіш 172-ге дейін азайған. Алайда оқу жылы басталғалы мектеп партасына қайта отырған балалардың тәж вирусын жұқтыруы жиілеп бара жатқаны алаңдатады.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2021
Төрткүл дүниені тәжтажал жайлағалы тұрмыстан тарылған елдің жағдайына бейжай қарамайтын кәсіпкерлер түрлі әлеуметтік жобаларды қолға алып, шамасы жеткенше шарапатты іспен айналысуға бет бұра бастады. Қолынан іс келетін мұндай азаматтарға мемлекет те көмегін аяп отырған жоқ. Кәсіпкерлікті дамыту институттары арқылы қомақты қаржы гранттарын бөліп жатыр.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
Рудный қаласында «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімде қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан шүлеңгір кәсіпорындардың басшыларына құрмет көрсетілді.