
Аймақтар • 09 Тамыз, 2021
Қостанай облысында көбелек жұлдызқұрты көбейіп кетті
Мамандардың айтуынша, көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2021
Амангелділік шаруалар Маңғыстау облысына екі вагон шөп жөнелтті
Жердің пейілі тарылғанымен, елдің пейілі тарылмақ емес. Биылғы қуаңшылық қатты ұрған Маңғыстау облысындағы ағайынға еліміздің әр өңірінен көп көмегі мен шөп қорегін жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Көп болып көмек көрсетіп жатыр
Шөптің шығымы биыл Қостанай өңірінде де мәз емес. Мамыр, маусым айларындағы аптап ыстықтың салдарынан жылда бітік шығатын шабындықтың біраз бөлігі ерте қурап кетті. Сондықтан биыл шабылған шөптің орташа түсімі гектарынан шамамен 4 центнерден ғана келді. Биыл өңірде қысқы мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындап алу мақсатында орман іші, су жағалары мен оты мол жайылымдық жерлерге де шалғы түскен.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
«Шенеунікке обал болды», дейді жұрт...
Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген әрбір азамат әбден тәжірибе жинақтап, білікті маман деңгейіне көтерілгенше алты-жеті жылдай уақыт кетеді екен. Және жас маман бас маман болып қалыптасқанға дейін мемлекет оған қыруар қаржы жұмсайды. Алайда өкінішке қарай, біліктілігі артып, тәжірибесі толысып, енді ғана жауапты лауазымға қолы жеткен шенеуніктердің біразы аяқ астынан істі болып, сотталып кетіп жатыр.
Оқиға • 04 Тамыз, 2021
Қостанайда полиция бөлімшесінің бастығы қамауға алынды
Қостанайда жүргізуші куәлігіне қолы жетпей жүргендерге көмектесіп, сол қызметі үшін қомақты мөлшерде пара алып келді деген күдікке іліккен облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2021
Қостанайда ХҚКО бес күндік жұмыс аптасына көшті
Облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен сенбі күндері өңірдегі ХҚКО-лар жұмыс істемейтін болды. Тек дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00 аралығында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2021
Қостанай облысында шекарадан жасырын өтпек болған екі адам ұсталды
Қостанай облысында шекарашылар бір күн ішінде заңсыз жолмен шекара аспақ болған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Қостанай облысының шалғай аудандарындағы ауылдық әкімдіктер кадр тапшылығын тартып отыр. Қазір қалаға аңсары ауып тұратын жастардың көбі ауылға барып жұмыс істегісі келмейді. Көптен бері шешілмей келе жатқан бұл мәселенің түйіні енді ғана тарқатыла бастаған сыңайлы. Өйткені қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгеріске сәйкес былтырдан бері «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына басқа саладағы мамандықтармен қатар, мемлекеттік қызметшілер де тартыла бастаған. Осының нәтижесінде облыс орталығынан алыс жатқан ауыл әкімдіктерінің біразы жас мамандармен толықты.
Кино • 29 Шілде, 2021
Қорықшылар туралы фильм түсіріледі
Жаңа кинотуынды Қостанай облысындағы Науырзым қорығында түсірілмек. Қорық директоры Дулат Қойлыбаевтың айтуынша, елімізде тұңғыш рет түсірілгелі отырған жаңа туындыға өмірін табиғат байлығын қорғау жолына арнаған қарапайым жандардың қажырлы еңбегі мен ерлігі арқау болады.
Аймақтар • 29 Шілде, 2021
Қостанай облысының Полиция департаменті шілденің басындағы ми қайнатар аптап ыстықта өрт тиген орманды сөндіруге атсалысқан ауыл тұрғындарына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етті.