
Аймақтар • 28 Маусым, 2021
Қостанайда Қазақстан-Белорусь ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Дмитрий атайдың арманы – Қостанайда «Тоғызқұмалақ үйін» ашу
Тың игеру жылдары Тобыл өңірінде тоғызқұмалақты дәріптеп, қазақтың зияткерлік ойынына ел қызығушылығын оятқан, осы спорт түрінен Қазақстанның тұңғыш спорт шебері, тоғыз дүркін республика чемпионы Дмитрий Поляков ақсақалды бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Қазір тоқсанның үстіне шыққан ардагер спортшы екі қазан, он сегіз отауға бөлініп, ақыл-ой ұшқырлығын таразылайтын бабадан жеткен дәстүрлі ойынды әлем жұртшылығы әлдеқашан мойындаған әйгілі шахматтан биік қояды.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Қостанай қаласының орталығында «Дәрігер қабылдауы» акциясы аясында жұмыс істей бастаған көшпелі емдеу пункті тұрғындардың денсаулығын бірнеше күннен бері тегін тексеріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған игі шара барысында №1 емхананың қызметкерлері қала тұрғындарының бой, салмағын өлшеп, қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады.
Оқиға • 18 Маусым, 2021
Қостанайда ақын Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші өтті
Қостанайдағы Жастар сарайында қазақтың белгілі ақыны, қарымды қаламгер Ақылбек Шаяхметтің 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Маусым, 2021
Тобыл өңірінде қазақтың белгілі ақыны, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Ақылбек Шаяхметтің 70 жас мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Ақынның атажұрты Қарабалықтан бастау алған дүбірлі той қаламгердің кіндік қаны тамған Жітіқара ауданында жалғасып, облыс орталығында ұйымдастырылған жыр кештері мен тағылымды кездесулерге, Ахаң атындағы білім ордасындағы халықаралық ғылыми конференцияға, қаламгердің жаңа жинақтарының тұсаукесеріне ұласты.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Қостанай облысында 6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы құны 1,5 трлн теңге тұратын 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мысалы, былтыр Қарабалық ауданындағы құс фабрикасын қайта жандандыру жұмыстары басталды. Ал облыс орталығындағы машина жасау зауыты өндіріс ауқымын кеңейтіп, биыл ғана іске қосылған жаңа желіден соңғы үлгідегі КIA автокөліктерін құрастыра бастады.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Кәсіпкерлікке қомақты қаржы бөлінді
Биыл Қостанай облысында «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлікті қолдау жобасы бойынша білім алып шыққан түлектерге жалпы сомасы 1 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді. Жылдық сыйақысы 6 пайыздан аспайтын қомақты несие қаржысы Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру аясында қарастырылып отыр.
Аймақтар • 14 Маусым, 2021
Тобыл өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқынды
Биыл Қостанай облысында 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. Өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын шамамен 13 пайыз өсімді көрсетіп отыр. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін облыста 449 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталады.
Оқиға • 14 Маусым, 2021
Осыдан екі жыл бұрын Қостанай облысына Барсакелмес қорығынан бірнеше құлан әкелінген еді. Олардың бірі қазір Торғайдағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жабайы жануарларды жерсіндіру орталығында тұр. Жануар буаз болған соң, резерват мамандары осы жерде бақылап, күтімге алуды жөн көрген. Сол құлан таяуда ғана құлындады.
Аймақтар • 12 Маусым, 2021
Қостанайда Capstone Project жобасының жеңімпаздары анықталды
Құқық қорғау саласына кадр даярлайтын Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірнеше курсанты Еуропаға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.