
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
«Жұтылған» жер атаулары қайта «тіріле» ме?
Тәуелсіздікті айқындайтын Ту, Елтаңба, Гимн, Тіл сияқты мемлекеттік нышандардың қатарында жер-су атаулары да тұрады. Әсіресе соңғы екеуі – тіл мен жер-су атауы бір-бірімен тамырласа өріліп, ел мен жер тарихының тұтастығын айқындап тұруы шарт екенін ескеруіміз керек. Ел тәуелсіздігінің отызжылдық белесінде осы мәселені жан-жақты електен өткізіп, әсіресе солтүстік аймақтағы тарихи топонимдерді қайта тірілтуге қадам жасалуы қажет. Өйткені топонимика мен тарих егіз. Екеуі де – көненің ізі, бүгінгі күннің төлқұжаты, келешектің кемеңгер тәлімгері.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2021
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2021 жылдың бірінші тоқсанында ел аумағында жалпы құны 140,4 миллиард теңгеден асатын 19 мың 848 техника шығарылған. Мұның 66%-ы Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» зауытына тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Тобыл қаласында Қостанай облысы оқушыларының «Жас тұлпар» атты дәстүрлі айтысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 16 Сәуір, 2021
Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты көшпелі көрме жұмысын бастады. Аталған көрмеге Алматыдағы Ахмет музей-үйі мен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі Ахаң музейінде тұрған құнды жәдігерлер қойылған.
Спорт • 14 Сәуір, 2021
Қостанайлықтар футзалдан ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды
Қостанай облысы Қарасу орта мектебінің құрамасы футзалдан 9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Теңбіл доп» мектеп лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 13 Сәуір, 2021
Қостанайда жауапты орындар жемқорлықты әшкерелеуге енжарлық танытып отыр
Қостанай облысындағы кейбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анық байқалады. Алайда жауапты орындар мұндай фактілерді анықтап, әшкерелеуге енжарлық танытып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында өңірге жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мәлім етті.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Шаңырақ» атты тұңғыш өнер орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 12 Сәуір, 2021
Қостанайға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы келді
Қостанай облысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы төрткүндік арнайы іссапармен келді, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Қостанай облысының тұрғындарына сәуір айының екінші жартысынан бастап жаппай вакцина егу басталады. Осыған орай, сәуірдің онына қарай облыс орталығына Қарағанды фармакологиялық зауытында құйылған ресейлік «Спутник V» және отандық «QazVac» вакцинасының 45 400 құтысы жеткізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысының өндірісі өрістеген шаһарларының бірі Лисаковта жаңа теннис орталығы пайдалануға берілді. Айналасы ат шаптырымдай алып спорт нысанының іргетасы 2020 жылдың басында қаланған. Мердігер компания қысқа мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын түбегейлі аяқтап, тұрғындардың игілігіне өткізіп берді. Енді заманауи талапқа сай жабық орталықта балғындар жыл он екі ай бойы теннис спортымен шұғылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.