Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1879 материал табылды

Медицина • 26 Қазан, 2021

Он бірінші палата

Тобыл қаласындағы инфекциялық ауруханада 10 күн жатып, емдеу мекемесінде болып жатқан жағдайдың бәрін өз көзімен көріп шыққан Герхард Уманский бұрын өзі сезінбей жүрген көп нәрсеге көз жеткізгенін айтады. Әсіресе, оны дәрігер мамандардың жанкештілігі қайран қалдырыпты.

Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Табан астындағы субұрқақ

Биыл Лисаков қаласын абаттандыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылды. Оған мысал ретінде шағын шаһардың шы­­­райын аша түскен Тәуелсіздік аллеясы мен теннис орта­лығының жанынан ашылған көше тренажерлерін айтсақ та жет­кілікті. Бұл тренажерлермен мүмкіндігі шектеулі жан­дардың айналысуына да жағдай жасалған.

Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Темір жол дауы қашан шешіледі?

Қостанайда осыдан бірнеше ай бұрын басталған темір жол дауының түйіні тарқамай, бірқатар ірі компанияның  жұмысы оңға баспайтын сыңайлы. Бұл мәселе таяуда ғана «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында талқыланды.

Медицина • 19 Қазан, 2021

Оңайлықпен ем қонбайды

Өңірдің эпидемиялық ахуалы жақсарып, індет жұқ­тырғандар саны едәуір азайғанымен, дәрігерлер соңғы уақытта инфекциялық орталыққа келіп түскен нау­қастардың дертіне көпке дейін ем дарымай жатқанын айтып отыр.

Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Ауыл жастарының фестивалі

Қостанай облысындағы Аманқарағай орманында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Auliekol Jastar Fest ашық фестивалі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған «Достық» балалар мәдени сауықтыру кешені қызметкерлерінің айтуынша, аталған фестиваль Әулиекөл өңірінде ішкі туризм мен бұқаралық спортты насихаттауды көздейді.

Аймақтар • 13 Қазан, 2021

Жергілікті өзен-көл өнімдерін консервілейді

Тобыл өңірінде жергілікті өзен-көлдерден ауланған балықтарды консервілейтін жаңа кәсіпорын жұмыс істей бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары іске қосылған Қостанай консерві зауытының жанынан ашылған шағын кәсіпорын алдағы уақытта балық паштеттерін шығаруды да көздеп отыр.

Президент • 12 Қазан, 2021

Зейнеткер көлік ұтып алды

Бұған дейін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдағы екі ай ішінде вакцина қабылдаған тұрғындардың жеңіл автокөлік ұтысына қатысатынын айтқан еді. Осы кезеңде 73 477 адам екпе алып, автоматты түрде ұтыс ойнының қатысушысы болып тіркелген. 2021 жылы құрастырылған Chevrolet Nexia автокөлігін Рудный қаласында тұратын 69 жастағы зейнеткер ұтып алды.

Аймақтар • 12 Қазан, 2021

Ұлы тұлғалар есімдері беріледі

Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясында аймақтағы 9 мектепке қазақтың ұлы тұлғаларының есімдерін беру жөніндегі ұсыныс мақұлданды.

Таным • 10 Қазан, 2021

Қарыз

Амангелді ауданының тұрғыны, бүгінде сексенді орталап қалған зейнеткер Бибилә Рахметова Құмкешу ауылында тұрады. Өмірлік серігі болған Мырзабай атаның өзінен 27 жас үлкендігі бар екен.

Экономика • 07 Қазан, 2021

Түсім төмен, сапа жоғары

Былтыр 4,1 млн тонна жер ырыздығын жинаған Қостанай облысының диқандары осы күзде 3 млн тоннаға жетпейтін өнім алды. Өйткені көктемгі дән сіңіру науқанынан кейін басталған аптап ыстық екі айға созылып, кеберсіген топырақ астындағы тұқымның біразы тасқа айналды. Мұндай құрғақшылық 2012 және 2019 жылдары болған. Мамандар биылғы өнім көлемі сол жылдары алған астықтан жоғары деп отыр.