Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021
Бизнестің негізін мектепте меңгереді
Заманға сай оқу талабы да өзгеріп отыратыны белгілі. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде мектеп қабырғасында жүрген баланың кәсіпкерлік сауатын ерте жастан ашу мәселесіне баса мән беріліп отыр. Мәселен, биыл Қостанай облысында орта білім беретін 158 білім ошағында «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» пәні оқытыла бастады. Сондай-ақ өңірдегі 28 колледжге кәсіпкерлік бастаулары жеке пән ретінде енгізілген.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021
Қостанайда даму ерекшелігі бар балаларға арналған түзету орталығы ашылды. «Аманат» деп аталатын жаңа коррекциялық орталық қазірше ақылы түрде жұмыс істеп жатыр. Бірақ ата-аналар түптің түбінде балаларымыз бұл жерде тегін тәрбиеленетін болады деген үмітте.
Тәуелсіздік • 08 Қыркүйек, 2021
Тобылда «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тобыл қаласының орталығында жаңа аллея ашылды. Қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс алаңының құрылысы биыл мамыр айында басталған. Содан бері жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алаңқай аумағына жарық тартылды.
Экология • 05 Қыркүйек, 2021
Биыл Торғай даласындағы «Алты Сай» экосаябағына қоқиқаз қонды. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, елімізде бұл құстың жалғыз-ақ түрі бар, ол – қызғылт қоқиқаз. Мамандар бұл кербез қанаттылардың Торғайдан төрт жүз шақырым қашықтықта жатқан Қорғалжын мемлекеттік қорығындағы Теңіз көлінен ұшып келуі мүмкін деп болжайды.
Туризм • 05 Қыркүйек, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұйымдастырған «Атамекен» республикалық экспедициясы Қарағанды мен Ақмола облыстарынан кейін Қостанай өңірінде жалғасты. «Атамекендіктер» Тобыл алабында орналасқан үш ауданды аралап, киелі орындарға аялдады, жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңір тарихы мен ішкі туризмді дамыту жөнінде ой бөлісті.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті отырысында Дюшенн миодистрофиясы мен арқа бұлшық еттері артрофиясына шалдыққан бес балдырғанның еміне жұмсалатын дәрінің бір бөлігін облыстық бюджет есебінен сатып алу туралы шешім қабылданды.
Білім • 02 Қыркүйек, 2021
Жаңа оқу жылының алғашқы күні Қостанай облысының екі бірдей елді мекенінде қазақ мектебі ашылды. Тобыл бекетінде Білім күні мерекесінде есігін айқара ашқан жаңа мектеп биыл 130 бала қабылдайды. Ал Қарасу ауданының орталығында пайдалануға берілген қазақ мектебінде 320 бала оқитын болады. Жалпы, солтүстікте қазақ мектептерінің аздығы жиі айтылып жүрген мәселе. Бірақ батпандап кірген кеселдің мысқалдап шығатыны сияқты, Тобыл өңіріндегі мемлекеттік тілде білім беретін мекемелер саны жыл өткен сайын еселеніп келеді.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Биылғы құрғақшылық Қостанай өңіріндегі шаруашылықтарға оңай тиген жоқ. Диқандар дән сіңіру науқанын ойдағыдай аяқтағанымен, жаз жаңбырсыз болып, аптап ыстықтан көктемде егілген дәннің 40 пайызға жуығы күйіп кетті. Енді біраз шаруашылықтар несие төлемінің мерзімін келесі жылға шегеруді сұрап отыр.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Мектептер санитарлық талапқа сай
Қостанай облысында биыл 12 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушылар үшін әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, таза ауада салтанатты жиын ұйымдастырылып, әр балаға «Әліппе» үлестірілді. Сондай-ақ оқушылар 1 қыркүйекте өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған сынып сағаттарына қатысты. Сынып сағаттары ұлы ағартушының «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінен басталды.
Туризм • 27 Тамыз, 2021
Ресейдің белгілі видеоблогері Юрий Дудьтің сұхбаттары шынайы келеді. Бірде Youtube арнасынан актриса Ирина Горбачевамен әңгімесін тыңдап қалдым. Сұхбат барысында актриса өз өмірінде сөзбен айтып жеткізе алмайтын ең ғажайып әсерді Калифорниядағы «Секвоя» ұлттық саябағы мен Қазақ даласынан алғанын айтады.