
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Қостанайда «Отбасы help» фронт-кеңсесі жұмысын бастады
Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының бастамасымен Қостанайда «Отбасы help» фронт-кеңсесі жұмыс істей бастады.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Қостанай облысында «Қару» жедел алдын алу шарасы өтті
Қостанайда өткен «Қару» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары 540 қару иесін тексеріп, 13 адамның қаруды сақтау ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Лисаковта 27 жастағы жұмысшы 8 метр биіктен құлап қайтыс болды
Қайғылы оқиға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на еншілес «Өркен» серіктестігінде орын алған. Өткен дүйсенбі сағат 18:25-те «Millenium BST Group» мердігерлік серіктестігінде жұмыс істейтін Лисаков қаласының 27 жастағы тұрғыны ГМО дақылдарын өндіретін фабрикада жұмысын атқарып жатып, 8 метр биіктен құлап металл сынықтарының үстіне түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Қостанайдағы көктайғақтан 50 шақты адам жарақат алды
Қостанайда мезгілсіз жауған жаңбырдың соңы аязға ұласып, салдарынан қала көшелері көктайғаққа айналды.
Руханият • 09 Ақпан, 2021
Дала сазы тарихтан сыр шертеді
Былтыр күрделі жөндеуден өтіп, жыл аяғында ғана жұмысын қайта бастаған Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы музейінде «Тобыл-Торғай әуені» атты антологиялық жинақтың тұсаукесері өтті. Алғысөзін белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов жазған жаңа кітаптың таныстырылымына індетке байланысты шектеу талаптарына сәйкес санаулы ғана адам қатысты. Жиынды қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы ашып, антология авторлары мен музей ұжымын құттықтады. Қостанайдан осы шараға арнайы келген облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов жинақтың Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде жарық көріп отырғанын атап өтті.
Экономика • 09 Ақпан, 2021
Биыл жазда Лисаков қаласынан 8 шақырым жерде кремний карбидін өндіретін зауыт салынады. Қазір жаңа кәсіпорынның жер қатынасы саласына қатысты құжаттары дайын. Енді жобалық сметасы мен өндіріс ошағының қоршаған ортаға қалай әсер ететінін анықтайтын құжаттар әзірленуде.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2021
Брендті ұнды биржада сатуға қарсы
Қазақстан соңғы үш жыл ішінде ұн экспортын екі есе азайтып отыр. Ал сыртқы саудаға жөнелтілген бидай тауарының көлемі керісінше екі есе ұлғайды. Ұн экспортының кемуі осыдан 10-15 жыл бұрын өркендеп дами бастаған астық өңдеу кәсіпорындарының көбін тығырыққа тіреп, банкротқа ұшыратқан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Ақпан, 2021
63 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Қазақстан азаматы бола тұра шетел азаматтығын ресімдеп алып, қос елдің арасында еркін сайрандап жүргісі келетіндер Қостанай облысында да азаймай тұр. Облыстық көші-қон қызметінің мәліметінше, былтыр өзге елдің азаматтығын қабылдағанымен, әлі күнге дейін Қазақстан Республикасының төлқұжатымен жүрген 63 адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2021
Қостанайда қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін
Өздерін қоғамдық көлік жүргізушілері деп таныстырған бір топ ер адам Қостанай тұрғындарына «8-ақпан күні жұмысқа шықпаймыз» деген үндеу таратты.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2021
«ҚазТрансГазАймақтың» Қостанайдағы филиалы айыпұл арқалады
«ҚазТрансГазАймақтың» Қостанай облысындағы филиалы бақылаушы орын талап еткен мәліметті жасырғаны үшін жарты млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды. Көгілдір отынға жауапты мекеме Қостанай облысының табиғи монополияны реттеу департаменті сұраған құжатты беруден жалтарған.