Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1619 материал табылды

Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

Көлік қатынасы қиын болып тұр

Жангелдин ауданында 10 елді мекен жарықсыз отыр. 9 ауылмен көлік қатынасы мүлде үзілген. Торғай мен Арқалықтың арасында көлік қатынасы тоқтап тұр. Аудандағы көлік жолдарының күре­та­мыры саналатын бұл тасжолдың үстінен Тәуіш­тің тұсында екі жерден су өтіп кеткен. Оны тоқ­та­ту дәл қазір мүмкін емес. Тасқын Сарысу аулымен ортадағы Қара­тақыр жазығына жайылып барады.

Халық • 14 Сәуір, 2024

Үшем дүниеге келді

Жан-жақтан су қаумалап, толассыз жайсыз хабар жанды жүдеткенде көңіл шіркін әлдебір жылылықты іздеп, шуақты күндерді аңсайды екен. Отыз күн күткен Ораза айт келіп, Тобыл сабасына түскен күні Қостанайда шыр етіп үш бірдей нәрестенің дүниеге келуін көпшіліктің көптен күткен жақсылықтың хабаршысы, үлкен қуаныштың басы деп жорығаны анық.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2024

Қостанай облысы Оралға техника жіберді

Қостанай облысы Орал қаласына көмек көрсету үшін жиырма шақты арнайы техника жіберді.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

Қалпына келтіру жұмысы басталды

Өңірде тасқын судың беті қайтып, енді төтенше жағ­дай жарияланған 6 аудан­да су басып қалған елді мекендерді құрғату, үзілген электр желілерін жалғау, бүлінген үй, бұзылған жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Облыстың оңтүстік аудан­дарында мүлік шығы­ны есептеліп жатыр. Тас­қыннан зардап шеккен 764 отбасы 108 млн тең­ге көлемінде бір реттік әлеу­меттік төлем алды.

Су тасқыны • 10 Сәуір, 2024

Қатер сейіле бастады

Өңірде тасқын судың беті қайта бастады. Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Әйет өзенінің деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Қарасу ауданындағы Тінтуір, Құндызды, Қара­су өзендерінің деңгейі тәулік ішінде 17 см-ден 127 см-ге дейін түскен. Торғай, Дәмді , Қабырға өзендері әлі тасып жатыр.

Жәдігер • 09 Сәуір, 2024

Көнеден жеткен аспап

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен аман жеткен қыл ішекті нарқобыз сақтаулы тұр.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2024

Барынша күш біріктірілді

Тобыл өзенінен төнуі мүмкін қатердің алдын алу жұмыстары өңірде шамамен осыдан бір апта бұрын басталған. Өзенге жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына алдын ала ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аймақтардан мыңдаған адам дер кезінде эвакуацияланды. Қауіп төніп тұрған ауылдарда алдын ала төтенше жағдай жарияланды.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Жангелдин ауданының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

Торғай өңіріндегі жойқын су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындары үйлеріне оралып жатыр.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Қостанай облысының әкімі өңір тұрғындарына алғыс айтты

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарына су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы баяндады. Әкімнің айтуынша, өңірде су тасқынының ең қауіпті кезеңі өтті деп айтуға болады. Негізгі су қоймалары жіберіп жатқан су мөлшері де азайып келеді.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Тобыл жағасындағы тосқын шараларына ірі кәсіпорындар да тартылды

Су басқан елді мекендерден эвакуацияланған тұрғындардың біразы Қостанайдағы «Agromash» зауытының жатақханасын пана етіп жүр. Компания өкілдерінің айтуынша, жатақханада әлі екі бөлме бос тұр.