Мирас • 11 Қыркүйек, 2024

Кітапханадағы музей

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайдағы Лев Толстой атындағы облыстық кітапхананың екінші қабатында ерекше кітап музейі бар. Мұнда екі мыңнан аса кітап, оның ішінде осыдан кем дегенде екі ғасыр бұрын жарыққа шыққан көне басылымдар, әлемге әйгілі шығармалардың көлемі шырпының қорабындай ғана кішкентай кітапшаға сыйып кеткен шағын үлгілері сақтаулы тұр.

Кітапханадағы музей

Мұндай кәдесый кітаптардың қа­та­рында Әлішер Науаидың «Фархад-Шырын» дастаны, Антон Чеховтың әңгімелер жинағы да бар.

Мұражайдағы ең құнды жәдігердің бірі – Абайдың 1945 жылы Мәскеуде Мұхтар Әуезовтің алғысөзімен орыс тілінде жарық көрген таң­дамалы шығармалар жинағы. Бұл кітапқа ұлы ақынның қырық шақты өлеңі мен «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмалары, қара сөздері мен дана сөздері енген.

про

Музейдің бір бұ­рышын әлем әдебиеті жаухар­ла­рының түпнұсқасынан дәлме-дәл кө­шірілген репринтті ба­сы­лымдар, ағылшын, неміс, француз, татар тілін­дегі кітаптар, көне энци­кло­­пе­диялық сөздіктер толықтырып тұр. Ал өлке­тануға арналған бөлімге То­был-Торғай өңірінде туған белгілі қаламгерлердің шы­ғар­ма­лары қойылған. Музей­де әр кездері Қостанайға ат басын тіреген көрнекті жа­зушылардың қолтаңбасы қалған кітаптар да баршылық.

«Қателеспесем, 1994 жылы Қостанайға Шыңғыс Айтматов келді. Осы жерде үлкен кездесу өтті. Шы­ғармашылық кештен кейін ұлы жазушы бізге өзінің «Боранды бекет», «Жанпида» романдары енген жинағын тарту етіп, кітаптың ішкі мұ­қабасына қолтаңба жазып берді. Көрнекті ақын Мәриям Хәкімжанованың қолтаңбасы бар кітап та музейдің құнды жә­дігерлерінің қатарында тұр. Ал мына энциклопедиялық сөздік 1890 жылы басылып шыққан. Мынау – 1805 жылы шыққан орыс тілі оқулығы. Ұлы клас­сик­тер­дің көзі тірісінде жа­рық көрген кітаптар да бар. Мы­салы, Виктор Гюгоның «Па­риж Құдай-анасының ғибадатханасы» атты мы­на кітабы жазушы­ның көзі тірісінде басылып шық­қан. Бұл кі­таптар, кем дегенде, осыдан екі ғасыр бұрын жарыққа шыққан. Көне кі­таптарға рес­таврация жасау өте қымбатқа түседі. Бізде ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан музей жәдігерлерін қолмен ұстауға рұқсат етпейміз», дей­ді облыс­тық кітапхана ішін­дегі өлкетану әдебиеті бө­лімінің маманы Светлана Қа­биева.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15