Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Саясат • 23 Шілде, 2024

Марапат иеленген металлургтер

Металлургтер шаһарында «Qarmet» АҚ компания­сында ұзақ жыл еңбек сіңіріп, өңір өнеркәсібінің өркендеуіне үлесін қосқан біршама қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталып, мереке қарсаңында мерейі үстем болып жатыр.

Қоғам • 23 Шілде, 2024

Еуропаны елең еткізді

Қарқаралыдағы елу бес жылдық тарихы бар «Салтанат» халықтық ән-би ансамблінің жұлдызы биіктен жарқырады. Жақында ансамбль Польшада өткен халықаралық «Świat Pod Kyczerą» фольклор фестивалінен Бас жүлде иеленіп келді.

Аймақтар • 22 Шілде, 2024

Ферроқорытпа зауытындағы апат: 8 адам зардап шекті

20 шілде күні сағат таңғы төрттен аса YDD Corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ферроқорытпа зауытында №1 пештен жалын атқылады. Оттың қатты жалынынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 20 Шілде, 2024

Senat Open шахмат турнирі: «Орталықтың» 25 үміткері белгілі болды

Парламент Сенатының шахмат бойынша Senat Open ашық кубогінің жартылай финалдағы бес турнирінің бірі Қарағандыда өтті.

Еңбек • 20 Шілде, 2024

Тастұғырда – кеншілер тағдыры

Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға ел-жұрттың жанын ауыртып, қа­бырғасын қайыстырды. Көмір қаза­мыз деп өмі­рін қиған кеншілерге тағ­зым көрсетіліп, екі бірдей ескерт­кіш қо­йылды. Қос мүсіншінің қолынан шық­қан ескерт­кіш­тің біреуі шахта жа­нына, екіншісі орталық саябаққа қо­йыл­ды.

Еңбек • 20 Шілде, 2024

Есембек әулетінің еселі еңбегі

Есембек әулетінің болат балқытудағы еселі еңбектері тым әріден басталады. Арғы әкелері Мұқажан қажы бойын­дағы қажыр-қайратын Балқаштың түсті металдар ұқсату зауытына жұмсап, мыс балқытып, болат өндіріпті. Әкенің өнегелі жолын Қабдырахман Мұқажанұлы лайықты жалғап, металлургия саласының саңлағына айналады. Қазір Қабекеңнің балалары, немерелері мыс зауытында маңдай терін төгіп жүр.

Экономика • 19 Шілде, 2024

Қалдықсыз өндіріске ден қойған кәсіпорын

Құрмадағы құс фабрикасы ертеден жұмыс істеп келеді. Шаруасы әбден ши­раған кәсіпорынның жұ­мырт­қа өнімі – Қара­ған­ды брендтерінің бірі. Мұнда шөже, мекие­нін қоса есептегенде мил­лио­н­ның үстінде тауық бар. «Қарағанды-Нан» кор­п­орациясына қарасты «Агрофирма Курма» ЖШС жылына 270 миллион жұмыртқа өндіреді.

Экономика • 18 Шілде, 2024

Жарқын жобалар қолдау тапты

Қарағанды қаласы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға арналған гранттары орталық саябақтың сахнасында кәсіпкерлерге салтанатты түрде табысталды. Бұл жолы да ерекше жобалар қолдау тапты.

Өнер • 17 Шілде, 2024

«Ортекенің» олжасы

Қарағандыда тағы бір этнофестиваль өтіп, өшкеніміз жа­нып, рухымыз көтерілді. Ол – «Ортеке» республикалық этнофестивалі. Сәкен театрында сән-салтанатымен өткен мәдени кеште көнеден көшкен күй күмбірледі. Биыл бағын сынаған күйшілер тек өздерінің авторлық күйлерін шертті. Сонысымен ел ерекше қабылдады.

Саясат • 16 Шілде, 2024

Сапалы медициналық қызмет

Сенат депутаты Серік Өтешов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті. Сенатор қалалардағы кейбір әлеуметтік маңызды нысандарда болып, жылумен қамтамасыз ету және сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады.