Экономика • 11 Ақпан, 2026
Агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту – уақыт талабы. Бұл бағытта Қарағанды облысында жүзеге асып жатқан жобалар өңір экономикасының әлеуетін арттырып қана қоймай, отандық ауыл шаруашылығы жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келе жатқанын аңғартады. Бұқар жырау ауданында іске қосылған «Ақнар» құс фабрикасының жаңа өндірістік нысаны – соның жарқын үлгісі.
Руханият • 11 Ақпан, 2026
Махаббаттың мәңгі сазы. Иә, «Жас жұбайлар» әнімен талай шаңырақ шаттыққа кенелді. Талай күйеу жігіт пен қалыңдық осы әннің ырғағына биледі. Ертеректе онсыз той өтпейтін. Тіпті шетел қазақтарының да сүйіп тыңдайтын, қосыла шырқайтын әніне айналып үлгерді. Бір қызығы, осы бір бағы жанған шығарма ең алғаш Шет ауданының Ақшатау ауылында шырқалды. Пойызда келе жатып жарыққа шыққан ән осылайша қазақ ән өнерінің алтын сандығына енді.
Жәдігер • 06 Ақпан, 2026
Әр әулеттің бағалы мұрасы болады. Әсіресе ондай қастерлі де құнды дүние қара шаңырақтың төрінде тұрады. Қара шаңырақ Қазыкен Әлі ағамыздың үйіндегі берекелі табақтың тарихы тым әріде.
Экономика • 05 Ақпан, 2026
Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?
Елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесі кейінгі жылдары мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бұл – бекер емес. Ауылдағы ұсақ шаруашылықтардың әлеуетін біріктірмейінше өндірісті ұлғайту, өнімді өңдеу, нарыққа тұрақты шығу мүмкін болмай тұр.
Кәсіпкер • 03 Ақпан, 2026
Көмірмен көмкерілген әшекейлер
Қарағандылық дизайнер Ольга Целлер Кеншілер астанасының брендіне айналған көмірден зергерлік бұйымдар жасайды. Шебердің көз тартар туындыларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалап келеді.
Жастар • 30 Қаңтар, 2026
Жақсылық жасау – жауапкершілік
Қоғамда еріктілердің атқарып жүрген еңбегі орасан. Солардың бірі – Жанел Айыпова есімді жас ерікті үнемі ізгілікті істің басы-қасында жүреді. «Ерікті қызметім – еріккеннен емес, жастық жігеріммен жан-жағыма үлесімді қосқым келгенінен», дейді жас жанашыр. Жақсылық жасауды жауапкершілік деп қарайтын қаршадай ғана қыздың қажыр-қайратына жан-жағындағылар да таңырқай қарайды.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көліктегі «кітапхана»
Кейінгі жылдары Кеншілер астанасының қоғамдық көлігі біршама жаңарды. Соған сәйкес автобустарда «Жол үстіндегі кітапхана» жобасы бар. Терезедегі QR-кодтар арқылы электрондық кітаптарды бүгінде 30 915 жолаушы оқып үлгеріпті.
Үкімет • 15 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік қызметтің сапасы маңызды
Қарағанды қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға әлеуметтік бағыттағы салалық министрліктердің өкілдері мен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.
Технология • 10 Қаңтар, 2026
Диқандардың қолы ұзарды. Қарағандының егістік алқаптарында енді дрондар ұшады. Шаруа иелері жердің топырақ құнарын «құстай ұшатын» құрылғы арқылы анықтай алады.
Заң мен Тәртіп • 30 Желтоқсан, 2025
Кейінгі уақытта жол-көлік оқиғасы тыйылмай тұр. Оның басты себебі, көлік тізгіншісінің жауапсыздығынан екені жасырын емес. Осындай да аптығып жүріп, айыппұл арқалайтындар сауатты жүргізушілерден үлгі алса ғой дейсің.