Қоғам • Бүгін, 08:55
Атыңнан айналайын, Қарқаралы! Арқадағы қымыз фестиваліне 20 мың турист келді
Арқаның інжу-маржаны – қасиетті Қарқаралы өңірінде өткен «BaiQymyz» этно-гастрофестивалі дарқан даланы дүбірге бөледі. Ұлттық рух аспандап, ел-жұрт бір серпіліп қалды. Жазиралы өңір Қарқаралыға келген мейманның дені тау баурайындағы тұмса табиғатқа тамсанып қайтты. Қымыз бәйгесінің Арқа жерінде өтудегі негізгі ой да осы еді, туризмін тұғырландыру. Онымен қоса, «BaiQymyz» фестивалінен бір күн бұрын журналистерге пресс-тур ұйымдастырылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық, туристік, инфрақұрылымдық даму бағыттары таныстырылды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2026
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Белгілі журналист Қамбар Ахметтің «Egemen Qazaqstan» газетінің 22 мамыр күнгі санында жарық көрген «Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры» атты өткір мақаласы халықтың мұңын мұңдап, билік пен бұқара арасына алтын көпір болды.
Технология • 06 Маусым, 2026
Өңірімізде жастардың ғылым мен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған бастамалары көбейіп келеді. Бірі ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған дамытушы құрал әзірлесе, енді бірі төтенше жағдайда адам өмірін құтқаруға бағытталған робот жасап шығарды. Бұл жобалар жас буынның жаңашыл ойы мен қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысын айқындайды.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Ыстанбұл қаласында өткен VIII халықаралық этноспорт мәдени фестивалінде (Ethnosport Culture Festival) ел намысын қорғаған Балқаш пен Баянауылдың қос тазысы әлем назарын аудартты. Сөйтіп, балқаштық тазы Ақбақай халықаралық медальға ие болды.
Экономика • 05 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдау жасағаны мәлім. Осы стратегиялық құжат негізінде биылғы жылдың ресми түрде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануы, шын мәнінде ұлттық экономиканың қан тамырына жаңа серпін берген шешім болды. Бұл бағытта еліміздің индустриялық аймағы саналатын Қарағанды өңірі өзінің байырғы өндірістік дәстүрін озық технологиямен ұштастырып, цифрлық көштің алдына нық шығып отыр.
Білім • 03 Маусым, 2026
Арқа төріндегі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ұлт мақтанышы, қазақ ағартушылығының атасы Ыбырай Алтынсариннің мұрасына арналған «Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы-педагог, этнограф, тарихи тұлға» атты республикалық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиын ұлт ұстазының рухымен сырласқан, оның өлшеусіз мұрасын бүгінгі күннің биігінен зерделеген рухани кеш болды.
Мәселе • 02 Маусым, 2026
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы 440 шақырымнан астам электр желісі мен екі жүзден астам трансформаторлық қондырғының тозу деңгейі бүгінде 90%-ға жеткен. Стандартқа сәйкес 220 Вольт кернеу берілуі керек болса, мұндағы тоқ қуаты 150 Вольттан аспай, қалт-құлт етіп тұр.
Қоғам • 01 Маусым, 2026
Калькулятор бала: Қарағанды облысында 2-сынып оқушысы ерекше қабілетімен көзге түсті
Халқымыздың тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұңғыш математик-профессор, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Әлімхан Ермековтің өшпес ізі қалған Арқада тағы бір кішкентай Әлімхан өсіп келеді. Қарағанды қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 2-сыныбын тәмамдаған Әлімхан Ермекті көпшілік «калькулятор бала» деп атайды.
Спорт • 05 Мамыр, 2026
Металлургтер қаласындағы игі бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде бұқаралық спортты дамыту, әсіресе өскелең ұрпаққа спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруды стратегиялық міндет ретінде айқындап берді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінде Қарағанды облысы, соның ішінде металлургтер қаласы – Теміртау заманауи спорттық экожүйенің орталығына айналды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жоба теміртаулық балаларға нағыз тарту болды.
Қоғам • 01 Мамыр, 2026
Білікті педагог Ольга Тимнің есімі облысымызға кеңінен танымал. Ұлты неміс болса да, жүрегі «қазақ» деп соққан ұстаз мемлекеттік тілдің айбарын асырып жүр. Қазақ тілінен сабақ береді. Мұнымен қоса Достық үйіндегі «Мәміле» клубының белсендісі.