Taza.kz
Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
644 материал табылды

Қоғам • 17 Наурыз, 2026

Кемел әулетінің кемеңгері

Толағай тауы етегіндегі ел ішінде берекесі мен бірлігі жарасқан Кемел әулеті жарастықты ғұмыр кешіп жатыр. Арғы аталары Кемел – атадан қалған жалғыз тұяқ. Сол жалғыздан бүгінде бір ауыл ел тарады. Тегінде тектілік, қанында қайсарлық бар Тыныштық ананың алтын құрсағынан өрбіген ұлағатты ұрпағы аналарын алақандарына салып отыр.

Ата заң • 17 Наурыз, 2026

Брайль қарпіндегі Ата заң

Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапхана екі тілде – «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы» және «Проект новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріппен басылған арнайы басылымды жарыққа шығарды.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Этномәдени бірлестіктер де үн қосты

Елдің жарқын болашағы үшін «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі де өз таңдауларын жасады.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қарағанды облысында мотобайкерлер де таңдау жасады

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қоғамның түрлі саласының өкілдері белсенді қатысып жатыр. Солардың қатарында мотоспортты серік еткен азаматтар да бар. Chingizkhan мото-клубы мүшелері де ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді

Балқаш қаласының 99 жастағы ардақты анасы Кәмпит Төлендинова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Кәмпит әже Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясындағы №204 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады

Қарағанды қаласындағы №100 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны таңғы сағаттардан-ақ қарқын алды. Таң атысымен тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға асықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 13 Наурыз, 2026

Жаңартылған саяси бағыт

Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиа­лында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақы­рыбында ғылыми және сараптамалық қауым­дастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бас­қосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаң­ғыр­туға бағыт­талған конституциялық рефор­ма­ның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңір­лердің атқарар қызметі кеңінен тал­қы­ланды.

Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026

Көптің аманатын арқалаған

Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылы кейінгі жылдары тың тыныс алды. Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғыны бар ажарлы қоныс – Бұқар жырау ауданындағы ең ірі әрі әлеуеті жоғары ауылдың бірі. Келбеті жайнаған, тіршілігі қайнаған ауылдың бүгінгі өзгерісінің басында жиырма жылдан астам уақыт жергілікті әкімдікте қызмет етіп келе жатқан Әлем Көпбаева тұр. Бас маман болып еңбек жолын бастаған ол ел сенімін еңсеріп, ауыл әкімі болып сайланады.

Digital • 04 Наурыз, 2026

Игілігі мол интеллектуалды жобалар

Бүгінде жасанды интеллект инфрақұрылым игілігін арттыруда тиімді әрі сенімді құралға айналды. Мәселен, өңірдің жасыл желектерін цифрлық форматта есепке алатын «TreeMap» жобасы, жол жамылғысының сапасын автоматты түрде бақылайтын «JoLScan», ақылды автотұрақты басқаруға арналған «ParkKing.kz» жүйесі, ұялы байланыс сапасын талдайтын «CellMap» пен интеллектуалды бағдаршамдар, «Жаяу жүргінші өткелі» кешені – айтарлықтай нәтиже көрсетіп отырған жобалар.

Шаруашылық • 04 Наурыз, 2026

Шаруаларды шарасыз еткен...

Шет ауданы Көктіңкөлі ауылындағы «Фриден» шаруа қожалығының басшысы Анатолий Гуреев биылғы қыс жылқы ұстаған ағайынға оңай тимей отырғанын айтады. Оның сөзінше, ақпан айының басында жауған алғашқы жаңбырдан кейін дала мұз болып қатып, жағдай күрт қиындаған.

Яндекс.Метрика