Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Туризм • 23 Маусым, 2025

Қарағандылық кәсіпкерлер туризм саласына инвестиция салды

Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауындағы жаңа жобаларға инвестиция салынып жатыр. Енді маусымдық демалыс аймағынан бастап жыл бойғы жұмыс істейтін демалыс кешендеріне дейін жаңарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Маусым, 2025

«Қазақмыс» Қарағанды облысында төрт ірі жобаны жүзеге асырады

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен кездесуінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 20 млрд теңге болатын келісімге қол қойылды. Қаражат Балқаш пен Қарқаралыдағы төрт ірі әлеуметтік маңызды жобаға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 19 Маусым, 2025

«Qarmet»-тің цифрлық жүйесі

«Qarmet» компаниясы «Алтын Гефест 2025» ұлттық ­бай­қауында ерек­ше цифр­­­­лық жобалары үшін «Тау-кен металлургия кешеніндегі ең үздік digital-шешім» арнайы аталымында жеңімпаз атан­ды. Ком­­­панияның Көмір депар­­­таменті Диспетчерлік-­тал­дау ор­­­та­­лығын және елі­міз­де баламасы жоқ – персонал мен техника по­зи­­­циясын анық­­тайтын бірікті­ріл­ген жүйені әзірлеп, іске қос­­қан.

Үкімет • 19 Маусым, 2025

Моноқала мүмкіндігі молаяды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өткізді.

Әдебиет • 18 Маусым, 2025

Қарағандылық оқушылар Қарасаздан олжалы оралды

Қарағандылық оқушылар «Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық байқауында сәтті өнер көрсетті. №61 мектептің биылғы түлегі Гран-при иегері атанып келді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 18 Маусым, 2025

Қарағанды жүзушілері топ жарды

Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп, қанжығалары майланды. Әсіресе, Қарағанды облысының жүзушілері жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 18 Маусым, 2025

Моноқаланы дамытудың маңызы зор

Қарағанды облысында Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр. Іс-шараға 20 моноқаланың әкімдері, вице-министрлер мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Шаруашылық • 17 Маусым, 2025

Ауылдан ашылған «ақылды» ферма

Агросаланың ауқымы артып келеді. Бұл дегеніміз – ауылға бет­бұрыс бар деген сөз. Өңірімізде қомақты қаржы құйылып жатқан ірі кешендер көп. Осакаров ауданының Родников ауы­лын­да «Eurasia Invest» компаниясы 6000 сиырға арналған заманауи сүт-тауар фермасын салып жатыр. Бұл – еліміздегі 30 млрд теңгеден асатын ірі инвес­тициялық жобалардың бірі.

Спорт • 13 Маусым, 2025

Әлемді бағындырған жандар

Әке мен баланың спорт бәсекелерінде бірге өнер көрсетуі, екеуінің де ел абыройын асқақтатып, бәсі биік додада топ жаруы – сирек кездесетін, аңызға бергісіз жағдай. Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғындары, әкелі-балалы Дәрібай Оспанов пен Абдулкәрім Қараман сондай жандар.

Өндіріс • 12 Маусым, 2025

Жаңа вагондар жолға шықты

Жыл сайын еліміздегі пойыз вагондары жаңарып келеді. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.