Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
561 материал табылды

Аймақтар • 12 Қараша, 2025

Қарағанды облысында азық-түлік бағасы қалай тұрақтандырылмақ?

Өңірде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып жатыр. Аграрлық секторға салынған инвестиция көлемі екі есе өсіп, 44 миллиард теңгеге жетті. Биылдың өзінде 18 жоба іске қосылған.

Ұстаз • 12 Қараша, 2025

Мәшекең мұрасын қадірлеген мұғалім

Мектепте ер мұғалімнің аздығы ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізіп отыр. Ақиқатында бір мезгіл ер мұғалімнің қатқыл қабағын, жуан дауысын естіген оқушының ерік-жігері ширақ болады. Өкінішке қарай, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынүлының ізінен еріп, ұлы мұратын жалғайтын ер мұғалім аз. Сол аздың ішінде жас ұстаз, жалынды педагог Жанкелді Кенжебайдың есімі елге етене танылып қалды. Еңбекқорлығымен, педагогтік білімімен, ұлтты сүйгіштігімен елдің аузында жүр.

Аймақтар • 10 Қараша, 2025

Жылқы ұрлағандар Қарағандыда ұсталды

Қарағанды облысында блок-бекетте полицейлер ұрланған жылқылар тиелген жүк көлігін тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өшпес даңқ • 07 Қараша, 2025

Ағайынды майдангерлер

Майдан даласына Өспен елді мекенінің өрімдей жастары да шақыртылған еді. Солардың ішіндегі ағайынды Сембековтердің көрсеткен ерлігі, жанқиярлық қарекеті архив құжаттарында қаттаулы, ұрпақтарының жүрегінде сақтаулы. Осылайша, отты жылдар Сембек ақсақалға қос қанатын қырқып өткен­дей оңайға тиген жоқ. Ұлдары Әбіл мен Орал әскер қатарына қоса шақырылып, шаңырағында жалғыз қарындасы қалады.

Аймақтар • 04 Қараша, 2025

Қарағандыда заңсыз киік аулау дерегі тіркелді

Облыста жабайы табиғатты қорғау саласында «Браконьер» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Оның басты мақсаты – жабайы табиғатты қорғау, браконьерлік іс-әрекеттерді болдырмау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2025

Арқаның арқары фототұзаққа түсті

Қарағанды облысында қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 04 Қараша, 2025

Арқаның агробренді: «Нәтиже» мен «Саумал» отандық сүт өнімдері нарығына қалай әсер етті?

Президенттің халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы ел дамуының қозғаушы күші ретінде айқындалып, аталған салаға тұрақты көңіл бөлініп келеді. Жүйелі қолдаудың нәтижесінде агросалада серпіліс бар. Соның бір айғағы – ауыл өнімінің сауда нарығына шығуы. Онымен қоса құнары мол картоп пен арқа даласының ет өнімі сырт елге экспортталып жатыр. Қарағанды өңірінде ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап, оны терең өңдеуге дейінгі тұтас өндірісті толығымен жолға қойған кәсіпорындар жетіп артылады.

Туризм • 04 Қараша, 2025

Саяхатқа қолайлы өңір

Кенді аймақта ішкі ту­ризмді дамыту жөнінде ауқымды іс-шаралар қолға алы­нып жатыр. Өйткені, туризм – ел экономикасы мен өңірдің әлеуетін арттырар маңызды сала. Жақында Қарағандыдағы Орталық саябақта «Сая­хатқа шабыт беретін Қарағанды» облыстық турис­тік фестивалі өтті.

Аймақтар • 29 Қазан, 2025

Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды

Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Қазан, 2025

Осакаров ауданында полицияның жедел басқару орталығы ашылды

Орталық жүйесіне қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде орнатылған 109 бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда 900-ден астам камера біріктірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.