Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
364 материал табылды

Өндіріс • 20 Қыркүйек, 2024

Өңірді өркендеткен «QazTehna»

Саран индустриялық аймағында орналасқан «QazTehna» ЖШС – автобус құрастырумен аты шыққан компания. Төрт жылдың ішінде Қарағанды автопаркін ғана жаңартқан жоқ, Астана, Шымкент, Алматы және басқа да қалаларға автобус құрастырып беріп отыр. Күніне төрт-бес автобус жолға шығады. Мұндағы 700-ден асатын жұмысшылардың 70 пайызы – Саран қаласының тұрғындары. Мемлекет басшысы Жолдауда Саранда өндіріс орындарының іске қосылып, соның арқасында елді мекеннің моноқалалар санатынан шығарылғанына тоқталып, осы тәжірибені қолдану қажеттігін үлгі еткен еді. Бұған «QazTehna» ЖШС-нің қосып отырған үлесі қомақты.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Шахтинск қыста тоңбайды

Өткен жылы Энергетика министрлігі өңіріміздің жылыту маусымына дайындығын төмен деп бағалады. Былтыр қазандығы, құбыры тозған бірнеше қала қалтырамаса да, жылу беру шаруашылығында шикілік болды. Әсіресе осы мәселе бойынша Шах­тинск қаласының тұрғындары шамырқанды.

Таным • 21 Тамыз, 2024

Жаһанды жаяу аралаған жиһанкез

«Әлемді жаяу аралаймын» жобасының авторы, трэвел-блогер Асхат Қажытай «Анкарадан – Батумиге» сапарын аман-есен жүріп өтті. 1 111 шақырым шартарапты жаяу шарлап келді. Ерік пен жігерді сынаған, күш пен қуатты сарп еткен сапар. Барар бағыты кенет бұрылған кезекті марафон.

Театр • 17 Тамыз, 2024

Ауылынан театр ашқан талант

Ауылдан жастар көшіп жатыр дейміз. Иә, ол рас. Бірақ туған өңірін түлетуге атсалысып жүрген азаматтар да жетерлік. Алдиярхан Кәрім қара шаңырағының қадірін біледі. Сол себепті үлкен арманын аулында жүріп-ақ орындап отыр. Оқуын ойдағыдай тәмамдап Аппазға келеді де өнер мектебін ашады. Онда балдырғандарды, жастарды актерлікке баулиды.

Қоғам • 16 Тамыз, 2024

Орманшылар әулеті

Орман – жердің дәулеті. Осы бір байлықтың түбін балтамен шапқызбай, қызғыштай қорып келе жатқан орманшылар әулеті бар. Туыс-туғанымен әбден машықтанған орманшы мамандығын Қарқаралы еліне сый-қадірі бар Махмұт әулетінің немере-шөберелеріне дейін оқып алып, еңбек етіп жүр. Ел осы бір ұрпақ сабақтастығына, еңбек эстафетасына ерекше сүйсінеді.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2024

Аудан жұрты әкімін сайлады

Ақтоғай ауданында екінші рет әкім сайлауы өтті. Бұл жолы ел тізгінін мемлекеттік қызметте шыңдалған, ауданның әлеуметтік, экономикалық мәселелерін жетік білетін Абылай Аманжолов ұстайды. Бұған дейін ол аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

«Таза Қазақстан» • 15 Тамыз, 2024

Орманды тазартты

«Таза Қазақ­стан» республикалық эко­логиялық акциясы әлі жалғасып жатыр. Шахтинск қаласында орман іші, жол жиегі қоқыстан тазартылды.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2024

Бағдаршамға жауапты кәсіпорын

«Research and Development Solutions-RDS» – өңіріміздегі бағдаршамға жауапты бірден-бір кәсіпорын. Шах­тинск, Теміртау, Қарағанды, Саран қалаларына орнатылып жатқан жол реттілігін реттейтін бағ­дар бағаналарын өзіміздің жергілікті кәсіпорын шыға­ратыны қуантады.

Байқау • 13 Тамыз, 2024

Желден энергия өндіретін жоба

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей интерна­тының оқушы­лары АҚШ-та өткен «Champions Award» роботтехника чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Жерлес жас ғалымдарымыздың киіз үй іспетті генератор жобасы топ жарып шықты.

Экология • 12 Тамыз, 2024

Шахтинскіде орман қоқыстан тазартылды

Шахтинск қаласында автомобиль жолының бойындағы орман белдеуі қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.