
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Сенбі күні Шет ауданында «Талды – өркениеттер тоғысында» атты халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтті. Алғаш осы төңіректе қазба жұмыстары жүргізіліп, түрлі жәдігер табыла бастағанда бір топ тарихшы осында тарихи-археологиялық парк құруды ойластырған еді. Сол аспан астындағы мұражайда өткен өзекті басқосуға алыс-жақыннан меймандар келді. Әуелі шетелден келген ғалымдардың қатысуымен өткен конференцияда аталған аумақта жүргізілген зерттеу жұмыстары һәм алдағы жоба-жоспар талқыланды. Онымен қоса, қола балқыту, қыш құмыра жасау, ұлттық киім түрлерін тігу және ұмыт бола бастаған қазақ тағамдарын әзірлеу секілді этножұмыстарға елдің ықыласы ерек болды.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Қарағандыда дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық дәстүрлі мүшәйра өтті. Мүшәйра шарты бойынша өлеңдер 20-35 жас аралығындағы ақындар арасынан іріктеліпті.
Ауыл • 16 Қазан, 2023
Көп ауылды елшіл азаматтар аман алып қалып отыр. Әйтпесе, шалғайда қараусыз қалған елді мекен көп. Дәл осындай Нұра ауданына қарасты Тікенекті ауылындағы тоғызжылдық мектептің есігіне қара құлып салына жаздады. Рамазан Әбілдин бастаған ауыл атқамінерлері әр өңірден он отбасы көшіріп әкеліп, елінің керегесін кеңейтіп отыр. Игі іс өз жемісін берді. Көшпен бірге мектепке бала келді, мұғалім келді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2023
Көк түтінін будақтатқан ескі қоғамдық көліктерді қаладан таппайсыз қазір. Кешегі күнге дейін тозығы жеткен автобустар жолаушы тасымалдап келген. Кейінгі уақытта тіпті қала тұрғындары қынжылыс білдіріп, әлеуметтік желіге фото-видеоларын жүктеп кеткен еді. Енді ұмыт бола бастады. Қазір Қарағандыда жаңа автобустар жүйткіп жүр. Маусым сайын қаланың автопарктері жаңарып жатыр.
Туризм • 09 Қазан, 2023
Қарқаралыда туризм қанат жая ма?
Біз мінген «Mersedez sprinter» көлігі Қарқаралыны бетке алды. Алматыдан, Астанадан келген туризм саласының майталмандары, турблогер мен осы тақырыпқа қалам тербеп жүрген журналистердің басы қосылып, жолға шықты. Әлбетте, жол қысқарады. Әңгімеміз ортақ. Еліміздің туристік әлеуетін айтамыз. Ал енді облыстың кәсіпкерлік басқармасы ұйымдастырған баспасөз турының мақсаты мынандай: Қарқаралы туризмінің әлеуетін арттыру үшін қандай қадамдар қажет? Нендей жетіспеушіліктер бар? Онымен қоса қасымыздағы туроператорлар арқылы туристер тарту. Қысқасы, аймақтағы туризмнің тамырына қан жүгірту.
Аймақтар • 09 Қазан, 2023
Қарағанды облысы: Бір орам шөп – 15 мың теңге
Қарағанды облысында биыл жемшөп қоры мол деп айта алмаймыз. Қуаңшылықтың кесірінен көп шаруа тек қыстық мал азығын ғана жинап үлгерді. Сондықтан болар, шөп бағасы шарықтап тұр.
Ғылым • 06 Қазан, 2023
Жаз бойы бір топ ботаник дала кезді. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары «Флора мен фауна бойынша деректерді цифрландыру әдістері және биологиялық әртүрліліктің халықаралық платформаларында орналастыру» жобасын қолға алған еді. Сол соны жоба осы маусымнан-ақ жемісін бере бастады.
Айбын • 04 Қазан, 2023
Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында Әлихан мен Мәдихан есімді егіздердің арманы орындалды. Ол қандай арман десеңіз, екеуі де ұшқыш болуды бала кезінен ойлаған екен. Әскери базада тікұшаққа отырып көрген екеуінің үлкен арманы жақындай түсті.
Сайлау • 04 Қазан, 2023
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров инспекциялық сапармен Қарағанды облысында болды. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің қанатқақты сайлауын дайындау және өткізу аясында ұйымдастырылған сапарға комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты.
Халық • 03 Қазан, 2023
Қарағанды іргесінде Үштөбе деген ауыл бар. Сол жерде есімі елге сыйлы Сейсенбек ақсақал мен Раушан әжей тұрады. Балаларына «Зейнетке шықтық, бізді бағыңдар» деп отырған жоқ. Еңбекпен ертеден айналысып қалған екеуінің бүгінде бос уақыты жоқ.