Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Жетісуда заманауи зауыт салынады
Кербұлақ ауданында алдағы жылдары жаңа өндіріс ошақтары бой көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашпақ. Инвесторлар Сарыбұлақ ауылында сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауыт пен қуаты 110 МВт/сағ болатын күн электр стансасын салуды жоспарлап отыр.
Шаруашылық • 22 Қазан, 2025
Жетісулық шаруалар тәтті түбірден басқа дақылдарға орақ салды. Биыл 130 мың тонна картоп жиналуға тиіс. Осы күнге дейін қамбаға 240,6 мың гектардан дәнді дақыл түскен. Оның ішінде бидай мен арпа толық аяқталды. Астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Олимпиада чемпиондарымен кездесті
Жетісу облысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт ардагерлері жастармен кездесті. Жылы шырайлы жүздесу «Бұқаралық спорт – болашақ жеңістердің бастауы» спорттық іс-шарасының аясында өткізілді.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында өңірдің 8 ауданы мен 2 қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Талдықорған қаласында өткен жәрмеңкеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты.
Ұстаз • 16 Қазан, 2025
Ұстаздар династиясы – ұрпаққа ұлағат
Қазақта «Ұстаздық – ұлы жол» деген ұғым бар. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, білім мен тәрбиені өмірінің басты мұратына айналдырған әулеттер тарихта көп кездеспейді. Солардың бірі – Жетісу өңірінде тамыры тереңге жайылған Ахметовтер әулеті. Бұл әулеттің әр мүшесі ұстаздық жолды өмірлік миссия деп біліп, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Қант қызылшасын қабылдау басталды
Ақсу мен Көксу қант зауыттары шаруалардан тәтті түбірді қабылдай бастады. Биыл екі зауытқа жалпы көлемі 528 мың тонна өнім өткізілмек. Оның ішінде 292 мың тоннасы – Ақсу қант зауытына, 236 мың тоннасы Көксу зауытына бағытталады.
«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025
Жетісу облысында экологиялық мәдениетті арттыру, тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Ауқымды іс-шара аясында өңірде «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталып, ең таза ауылдар мен аудан орталықтары марапатталды.
Еңбек • 07 Қазан, 2025
Текелі тұрғыны Нина Тишкова табиғатқа деген махаббатын кәсіпке айналдыра білді. Кәсіпкер келіншек түрлі-түсті макарон өндіреді. Жай ғана макаронмен шектелмей, орман саңырауқұлақтарын да пайдаланады. Өнімдер экологиялық тазалығымен және ерекше дәмімен тұтынушылар көңілінен шықты.
Театр • 27 Қыркүйек, 2025
Жетісу төрінде, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өткен «Biken fest ІІІ» халықаралық фестивалі мәресіне жетіп, ұлт руханиятына айрықша серпін берген мәдени оқиғаға айналды. Өнер ордасы фестиваль аясында жарты ғасырлық мерейтойын да атап өтті.
«Таза Қазақстан» • 26 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңірдің көркін келтіріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастама қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беріп отыр.