
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Қорғаста халықаралық әуежай салынады
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) Қытай, Орталық Азия, Орта Шығыс және Еуропаны байланыстыратын стратегиялық нысан. Экономикаға үлкен пайда әкелетін аймақтың әлем елдерімен қатынасын кеңейту маңызды. Ол үшін халықаралық әуежай қажет. Шетелдік инвесторлар осы бағытта қаржы құюға ниетті екенін жеткізді. Көп ұзамай Жетісуда заманауи әуе айлағы салынады.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Олимпиада ойындарына 100 күн қалды
Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетіні мәлім. Париж Олимпиадасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазақстан делегациясының қоржынында 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.
Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024
Cәуір келгелі жетісулық шаруаларда тыным жоқ. Дала төсі дүбірге бөленіп, өңірде еңбек көрігі қызып жатыр. Биыл барлығы 117 653,4 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Сондықтан диқандар техника және субсидия жағынан мемлекет тарапынан қолдау күтеді.
Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024
Малсақ қауымды не толғандырады?
Жетісулық шаруалар қыстың қытымыр мінезінен қанша қиналса да, төрт түлікті көктемге аман-есен жеткізді. Мал төлдету науқаны мәреге жетуге жақын, азын-аулақ шығын да жоқ емес. Жазда жемшөбін құнттаған қойшылардың көңілі тоқ, қозы-лағын қуалап жүр.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2024
Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасты
Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты. Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, студенттері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Іс-шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Апта соңында жетісулықтар тырма мен күрегін көтеріп, сенбілікке шығады. Бұл игілікті іске облыс әкімі, қала мен аудан басшылары да атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан», «Таза қала Талдықорған» экологиялық акциясы аясында тұрғындар ыждағаттылықпен тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Күшіміз – бірлікте! Жетісудың жәрдемі
Батыстағы ағайынның жағдайына алаңдаған Жетісу жұрты ай басынан бері гуманитарлық көмек жинауды бастаған еді. Аз уақыт ішінде жиналған көмек күні кеше жіберілді.
Шаруашылық • 11 Сәуір, 2024
Жетісуда егіс алқабы 524,8 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Әсіресе қант қызылшасы, майлы дақылдар мен мал азығының егіс көлемі 18,1 мың гектарға артады. Соның ішінде тәтті түбір 11 мың гектарға егіліп, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Былтыр шаруалар әр гектардан орта есеппен 420 центнерден өнім жинаған еді. Биыл да осы көрсеткіштен кем түспейміз деп отыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
«Huawei» компаниясы салаланып келеді
Әлемге әйгілі «Huawei» компаниясы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орталығын ашты. Бұл жетісулық жастардың білімін шыңдап, телекоммуникация саласындағы жаңа ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Жетісуда жыл сайын жүздеген отбасы қоныстойын тойлап, қуанышқа кенеледі. Былтыр дәл осы уақытта талдықорғандық тұрғындар баспаналы болған еді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тапты. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарына пәтер кілті табысталды.