Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Талдықорған қаласы жыл сайын көркейіп, жаңарып келеді. Қала күні қарсаңында тұрғындарға ерекше тарту жасалып, «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асқан маңызды жоба.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себілді. Әсіресе қант өндірісінің дамуына ерекше көңіл бөлінді. Былтыр облыста рекордтық өнім жиналып, өңірдегі екі зауыт 67 мың тонна қант өндірген. Биыл тәтті түбірдің егіс алқабы 12,1 мың гектарға қысқарғанымен, 540 мың тонна қызылша жиналады деп күтіліп отыр.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Ауызсу мәселесі шешімін табады
Көп ұзамай Жетісу өңірі ауызсумен толық қамтылады. Бүгінде ішер судан таршылық көріп отырған ауылдар саны едәуір азайған. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 92%-ды құрап отыр. Әсіресе жырақта жатқан шекаралық елді мекендер күнделікті тұтынар суға қол жеткізгеніне қуанышты.
Білім • 10 Қыркүйек, 2025
Елдің ертеңі мектептен басталады
Жетісу облысы құрылғаннан бері 20 жаңа білім ордасы салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде арнайы қор есебінен 2 бірдей білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Көксай ауылында болса, бірі – Текелі қаласында. Олар келер жылы оқушыларға есігін ашады.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Жетісуда әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Көксу ауданында екі, Алакөл ауданында бір медициналық мекеме іске қосылды. Сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, Панфилов ауданында күрделі жөндеуден кейін ауылдық мәдениет үйі, жаңа балабақшалар есігін айқара ашты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлімше де қызмет көрсете бастады.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025
Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында тәулігіне 120 тонна жүгері дәнін кептіруге және 110 тонна түйіршіктелген жем шығаруға қауқарлы заманауи зауыт пайдалануға берілді. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен инвестициялық жобасы арқасында өңірге 500 млн теңге көлемінде қаржы тартылды.
Тұлға • 28 Тамыз, 2025
Сұрапыл соғыстан соң елдің тұрмысы бірден түзеліп кеткен жоқ. Жетім бала, жесір әйел еңбекпен есейді. Уақыт ешкімді аямады. Әйгілі жазушы Дулат Исабековтің «Біз бала болдық, бірақ, бізде балалық шақ болған жоқ» деген сөзі сол кезеңде өмірге келген бүтіннің бір буын үшін бұлжымас анықтама іспетті. Бірақ олар өзінің кейінгі өмірін мейлінше мағыналы өткізуге ден қойды. Ғұмыр жолына үңілсеңіз, ғибрат аласыз. Тіпті нағыз еңбек адамының портретін сызып шығуға болады. Сондай жандардың бірі – еңбекқор қаржыгер Әбілсейіт Ниязбеков.
Университет • 01 Тамыз, 2025
Италия университетінің Жетісудағы филиалы
Өңірде аграрлық білім мен ғылымның жаңа кезеңі басталғандай. Неге десеңіз, білім қуған жастарға шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасуға мүмкіндік мол. Осы ретте Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде халықаралық білім саласында тарихи оқиға болды. Тұңғыш рет облыс орталығында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылды.
Аймақтар • 24 Шілде, 2025
Достықты дәріптеген мұрал салынды
Бұл арт-нысан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған. Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған сурет еліміздегі этностардың татулығы мен мәдени өмірін айшықтап тұр.
Жоба • 22 Шілде, 2025
Құрылыс индустриясына серпін беретін жоба
Талдықорғанда автоклавты қатайтылған газбетон блоктарын шығаратын заманауи зауыт іске қосылды. Жаңадан ашылған зауыттың жылдық өндірістік қуаты – 150 мың текше метр. 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отырған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған.