
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Франс Снайдерс. Бізге беймәлім суретші. Ата-тегі – фламанд. Барокко стилінің нақ шебері. Иә, бізді қызықтырған осы өзгеше стиль. Оның картинасында өмір қайнап жатады. Қас-қағым сәт қана емес, бір адамның бар ғұмырынан сыр тартады.
Медицина • 11 Тамыз, 2022
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Әлемде медицина саласында корей халқының бәсі жоғары. Сондықтан қазақстандық дәрігерлер корейлік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып тұрады. Жақында Жетісуға білікті мамандардың бір бөлігі келді. Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында Оңтүстік Корея Республикасындағы әйгілі Чунан университеті «ХЕНДЭ» ауруханасының мамандары халыққа көмек көрсетті.
Білім • 11 Тамыз, 2022
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі NCCER құрылыс саласындағы ұлттық оқыту және зерттеу орталығында аккредиттеуден өткен оқу орталығы мәртебесін алуға ниетті. Осы мақсатта колледж халықаралық салалық бағалаудың үшінші кезеңін аяқтады. Сондай-ақ Германияның Аға сарапшылар қызметімен бірлесіп ынтымақтастық жобасына қатысуды жоспарлап отыр.
Таным • 10 Тамыз, 2022
Архивті ақтарсаңыз әртүрлі оқиғаға тап боласыз. Әуелде сенбейсіз, артынан алай-дүлей күй кешесіз. Таным дерегіңіз тағы бір сатыға өседі. Сол сырлы да мұңлы мұрағаттарды тозаңнан тазартсаңыз, ар жағында ұлттың рухы менмұндалап шығады. Сөзімізге дәлел – қазақ батырының ерлігіне қайран қалған орыс ақынының өлеңі. Кімге арнаған дейсіз ғой? Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш – Талғат Бигелдиновке! Бізді тебіренткен сол жырдағы қазақ баласының жасампаз жігері.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2022
Күншығыс елі бүгінге дейін суға тәуелділікті зерттеп әлек. Мұнысымен қоймай, әр тамшының тілін табуға бар күш-жігерін сарқуда. Онысы орынды да. Дегенмен мұхит жағасында орналасқан елдің айтқандары қоспасыз шындық екеніне шек келтіре алмайсыз. Себебі тасты тесіп, дүлей екпінімен небір жарды, бөгесінді орып түсетін осынау стихия бойында қандай да бір құпияның бүгіп жатқаны айдан анық. Әйтпесе, Жетісудың шипалы суынан ем іздеп келетіндердің қарасы көп болмас еді ғой.
Өнер • 10 Тамыз, 2022
Кенеп боялмаса да оның айтар ойын ұғуға болады. Кейде мыңдаған түсті бір картинаға жинасаңыз да, сіздің жүрегіңізді селт еткізбеуі мүмкін. Мұны француз импрессионист суретшісі Жорж-Пьер Сера жақсы түйсінді. Содан да болар «Циркті» аяқтай алмады. Соңғы бөлігін жазуға оқталғанда, шеберхана есігін ажал келіп қағады.
Өнер • 08 Тамыз, 2022
Қолына қылқалам ұстағанда алдымен суретші не ойлайды екен? Ал ақын ше? Шабыттың пырағына мініп, аспан әлеміне ес-түссіз еніп кетердей, жерден жырақ, ай құшағында аласұра ма? Әлде кеңістіктен ауадағы жазуларды қағазға қондырып, қиялымен қол ұстаса ма? Қалай ойлайсыз? Біздіңше, өлеңнің жұмбағы – өмірдің жұмбағы, ал кенептегі көрініс – тағдыр бояуы секілді…
Аймақтар • 05 Тамыз, 2022
Ауыл балаларының ауызбіршілігін нығайтып, берекеге ұйытқан жасөспірімдер арасындағы республикалық IV жазғы ойындар додасы өз мәресіне жетті. Талдықорғанда ту көтерген жалынды жастар 3 күн қатарынан бақ сынады. Дүбірге бөлеген байрақты бәсекенің жабылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли қатысты.
Қоғам • 04 Тамыз, 2022
Дүкендегі ойыншықтар балаға қауіпсіз бе?
Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау кезіндегі ата-аналардың біліктілігін анықтау маңызды. Осы ретте Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Талдықорған қаласының тұрғындары арасында ойыншықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды білу бойынша сауалдама жүргізді.
Өнер • 03 Тамыз, 2022
Өрісі малға толса өрекпіп кететін ақжайнақ қазақтың қалыбы, қағидасы, тұрмыс салты осы төрт түліктің төресі қоймен тығыз байланысты. «Қойдай жуас», «қой аузынан шөп алмайды», «құтты қонақ келсе, қой егіз табады», деп теңеп-теңшеп һәм мақалдап сөйлегенде асылы Шопан ата төліне деген құрметін аңдаймыз. Картинадағы көрініс біздің осы оңаша ойымызды ормандай қылып көрсетіп тұрғандай.