Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
988 материал табылды

Өндіріс • 04 Қазан, 2024

Жетісуда құбыр шығаратын кәсіпорын ашылды

Талдықорғандық кәсіпкер Нұрдәулет Ақкөз айына 140 тонна құбыр шығаратын «Полиммер Piре» кәсіпорнын іске қосқан. Су, газ, кәріз, ылғалды жерді құрғату жүйе­лерінде, телекоммуникацияда қолданылатын отандық өнімге сұраныс өте жоғары. Оған жалпы көлемі 106 млн теңге инвестиция тартылыпты.

Театр • 03 Қазан, 2024

Жетісуда халықаралық «BIKEN» II театр фестивалі өтеді

Талдықорған төрінде халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римова атындағы Халықаралық театр фестивалі өтеді.

Баға • 27 Қыркүйек, 2024

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру міндеті

Жетісуда азық-түлік бағасының күннен-күнге қымбаттап бара жатқаны белгілі. Бұл үдеріс өзге де өңірлерде байқалып отыр. Дегенмен облыс көлемінде күнделікті тұтынатын тауар құнын тұрақтандыруға қатысты түрлі жоба қолға алынып жатыр. Мәселен, тауар өндірушілермен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша келісімшарт жасалған. Оның жалпы көлемі – 21 мың тонна.

Инвестиция • 21 Қыркүйек, 2024

Екіжақты келісім – елдің қамы

Кейінгі 7 айда Жетісу облысына 188,2 млрд теңге тартылған. Жеке инвестиция мөлшері 136,7 млрд теңгеге жеткен. Жақында ҚХР СУАР Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сунь Хунмэй бастаған Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясы келіп, инвестор болуға ниет білдіріп кетті.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024

Кедергісіз өмір қағидасы

Қоғамның әр мүшесі кедергісіз өмір сүруі керек. Бұл орайда инфрақұрылымдарды бейімдеу шаралары тоқтаусыз жүргізіле беруі шарт. Мәселен, өңірде жыл басынан бері 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделген. Бүгінде жоспарға сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы 628 нысан қадағалаудан өтіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасалды.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024

Көгілдір отынмен қамту ұлғайды

Жетісу ауылдары біртіндеп көгілдір отынға қол жеткізіп жатыр. Талай жылдан бері кезек күткен Текелі жұрты да бұл игілікті тұтына бастады. Бүгінде облыстың 300 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізген. Биыл тағы 27 елді мекен жыл соңына дейін газдандырылады.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024

Жетісуда жаңа волейбол орталығы ашылды

Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығының есігі ашылды. Спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үй алыстан көз тартады. Себебі мұндай нысанның елімізде баламасы жоқ.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024

Жер конкурсы онлайн жүреді

Аграрлы өңірдің әуелгі табыс көзі жерден бастау алады. Тәтті түбірден бастап, мал шаруашылығы, туризм және өндіріспен айналысуға бейіл кәсіпкерлер артық жерге қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан жерге конкурсты ашық әрі әділ өткізу үшін өңірде «Заң бойынша жер» қанатқақты жоба­сы қолға алынбақ. Бұл жерде әрбір кәсіп иесі құжаттарды онлайн тапсырып, байқауды сырттан бақылап отырады.

Мәселе • 17 Қыркүйек, 2024

Судың да сұрауы бар

Жетісу халқы сапалы суға біртіндеп қол жеткізіп жатыр. Дегенмен өңірде орталықтандырылған су желісіне қосылмаған елді мекендер де бар. Биыл соның 20-сы таза суға қол жеткізеді. Кезекте әлі ондаған ауыл тұр. Бұрынғыдай өзен суы ішуге жарамайды. Сондықтан барынша шалғайдағы ауылдарға ішуге жарамды таза су жеткізу міндет. Бүгінде 358 елді мекеннің 325-і орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Қалған 32-сі кезегін күтіп отыр.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

Жаңа баспана, жайлы балабақша

Күреңбел жерінде қос бірдей қуанышты оқиға болды. Әуелі Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Қарағаш ауылында – 5, Жоламан ауылында 4 отбасына баспана кілті табысталды. Сонымен қатар Жоламан ауылында демеушілердің көмегімен салынған жаңа балабақша қолданысқа берілді. Талай жылдан бері сарыла күткен нысандардың ел игілігіне айналғанына көпшілік дән риза.