
Маман • 16 Мамыр, 2024
Бес жылдан кейін елде бірнеше мамандық иелеріне сұраныс күрт артуы мүмкін. Сарапшылар 2024-2030 жылдарға арналған ортамерзімді болжам жасап, мемлекетке аса қажет болатын 25 мамандық тобын түзген.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Олимпиада алдындағы деңгей дәйектелді
Астана қаласында дзюдодан өткен «Grand Slam» турнирі аяқталды. Үш күнге ұласқан айтулы додаға әлемнің 84 елінен 450 спортшы қатысып, дода көрігін қыздырды. Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) былтыр төрт жылға келісімшарт жасасып, 2026 жылға дейін «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Былтыр Астанада дүркіреген аламан биыл да өз биігінде өтті.
Хоккей • 13 Мамыр, 2024
Чехияның Прага мен Острава қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталды. Элиталық дивизионда сынға түсіп жатқан жерлестеріміз әзірге «В» тобында 3 ұпай олжалады.
Ұлттық спорт • 09 Мамыр, 2024
Ұлттық спорттың өрісін ұлғайтып, дамуына серпін беру заң жүзінде жүзеге асырылып, арнайы кодекспен қорғалғанда ғана іс ілгері басады. Келешекте заң қабылданса, төл өнеріміздің өркендеуіне мүмкіндік ұлғаяды деп үміт еткен топ бас қосты.
Спорт • 01 Мамыр, 2024
Ел спортының қадау-қадау тұлғаларына айналған өзге этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді жете білетін, жатық жазып, еркін көсілетін жандар жетерлік. Әрине, тілді біреуге үйрен деп түйрей түсіп түртпектеудің пайдасы кем. Өзің сөйле, айналаң өзі-ақ бойын тіктейді.
Халық • 30 Сәуір, 2024
Қандастар көші теріскейге бет бұрды
Халқымыздың саны 20 миллионнан асуына сыртқы көші-қонның да қосқан үлесі басым. Демографияға дем беретін салқар көш керуен тартып, алыстағы ағайын атажұртқа қазығын қағып, уығын байлап келіп жатыр.
Олимпиада • 26 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: меже – 80 жолдама
Еліміздің спортшылары тәуелсіздіктен бері жазғы Олимпия ойындарына осымен сегізінші мәрте ат байлайды. Батыс Еуропаның баурайында, Парижде өтетін доданың да дүбірі таяп келеді. Бұған жолдама үлестірер лицензиялық сайыстар да сиреп жатыр. Бүгінге дейін спортшыларымыздың еншісінде бірнеше спорт түрінен олжалаған 43 жолдама бар. Ендігі қайратымыз қандай болмақ? Олимпиада басталғанға дейін де лицензия берілетін іріктеу додалары өтеді. Демек, әлі де жолдама санын еселеудің мүмкіндігі туады.
Су тасқыны • 23 Сәуір, 2024
Еліміздің бірнеше өңірінде тасқын судың қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Жайық өзені шекті деңгейінен көтеріліп, жағалай қонған жұртты әбігерге салып отыр. Төтенше жағдай болған өңірлерде тұрғындарды табиғи апаттан құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Салық • 19 Сәуір, 2024
Салықты төлеу мерзімі кейінге шегеріледі
Көктемгі еріген қар суынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Гуманитарлық көмектен сырт қаржы институттары несие өтеу мерзімін кейінге шегеріп отыр. Жағдай тұрақталғанша қарғын су басқан аймақтардағы азаматтардың салық міндеттемесін орындау мерзімі де ұзартылды.
Ұлттық спорт • 19 Сәуір, 2024
Көшпелілер ойынына қаншалықты дайынбыз?
Қыркүйек айының 8-14 аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр. Ұлттық спорт ойындарының әлемдік аламанында елдік мұрат-мүдденің салмағы да таразыға тартылады. Жер жүзінің 100-ден аса елінен 4 мыңға тарта қонақ келетін, спортшылар сайысқа қосылатын дүбірлі доданы қабылдауға инфрақұрылым қаншалықты әзір?