Спорт • 14 Қаңтар, 2025

Сегіз саңлақ топ жарды

30 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Жыл бойы рейтингтік ұпай үлестіретін додаларда олжа салып үздік атанған, атан жілік, апайтөс 64 балуан 8 салмақ дәрежесінде белдесуге түсті.

Сегіз саңлақ топ жарды

Айтулы сайысты «Qazaq kuresi» қауымдастығы ұйым­дас­тырып, «Дала қырандары» спортты қолдау ұлттық қоры демеу­шілік етті. Жақсылық Үшкем­піров атындағы жекпе-жек сарайындағы сайысты 55 кг салмақ дәрежесіндегі балуан­дар бастады. Қазақ күресінен был­­тыр әлем чемпионы атанған қы­зыл­­­ордалық Руслан Теміржан финал­дық тартыста қостанайлық Архат Баймурзинмен бақ сынасты. Екеуі финалға шығар жолда небір тегеурінді қарсыластарын ұтты. Финалдық белдесу де аса тартыс­ты өтті. Алдымен Руслан әбжіл­дік танытып, жартылай жеңіс ұпайы­мен алға шыққан. Архат негізгі уақыттың бітуіне 2 секунд қалғанда қарсыласын алып ұрып, таразы басын теңестірді. Одан кейінгі қоян-қолтық белдесуде 20 жастағы балуан өзін өзі жығып бергендей көрінді. Русланды қапсыра қысып, кеудесінен асыра лақтыруға әре­кет етіп еді, оңай беріле салатын Руслан ба, бар салмағын сала басып қалып жеңіске жетті.

60 кг салмақта Ақтөбелік Нұр­­лы­хан Мұханбетов финал­­дық тартыста Ұлытау облы­сының балуаны Нұртілек Қаракесековті айқын ұтты. 66 кг салмақ дәрежесінде астаналық Ержан Еранғайыпов Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Нұрғали Тұрсынғазиевті жеңді. 32 жастағы Ержан әлі де бабында екенін байқатты.

74 кг салмақта Ақтөбе облы­сының өкілі Бибарыс Тұр­ғанбекұлы жетісулық Армат Есқазиевтен басым түсіп, чем­пиондық бел­беуді иеленді. 22 жастағы балуан өзінен бес жас үлкендігі бар тәжірибелі қарсыласынан қаймықпай, же­ңіс­ті жұлып алды. 82 кг сал­мақ­та шымкенттік Нұрдәулет Бақ­ты­байұлы Абай облысының балуаны Ерсін Сейітқазыновты жеңсе, 90 кг салмақ дәрежесінде Алматы қаласының балуаны Ерасыл Жаңа­­таев қызылордалық Серік Ақыл­бекті айқын ұтты.

Тартысты белдесулер 100, 100 кг-дан ауыр салмақ дәрежесінде өтті. 100 кг салмақта финалға де­йін­­гі қарсыластарын еркін ең­сер­ген шымкенттік Ерсұл­тан Мұзап­паров қарағанды­лық Ерғанат Мол­­да­­­ғұ­ловпен негізгі уақытта и­т­жы­­ғыс түсіп, қоян-қол­тық бел­де­суде жеңіске жет­­ті. Өзі­нен бой­шаң қар­сыласын тік кө­­теріп ал­ды да, қырқа шалып ау­­­да­рып тас­тады. Енші­сінде әлем чем­­­­­пионы атағы, «Қа­зақстан бары­сы» рес­пуб­ли­ка­лық турнирінің кү­міс белбеуі бар Ерсұлтан осылай­ша өзінің мық­ты­лығын тағы бір паш етті.

Аса ауыр салмақта (+100 кг) қалың көрермен былтыр «Қазақ­стан барысы» респуб­ли­ка­лық турнирінің чемпионы атанған Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаевтың бағы жанатынына шәк келтірмей, сенім артқан еді. Бірақ Ерасыл алғашқы айналымда-ақ сүрінді, Түркістан облысының балуаны Қайсар Шамшидинов­тен аса алмады. Қайсар қарымды екенін әр белдесуінде дәлелдеді. Өзі­нен салмағы едәуір ауыр қар­сыластарын айқын жеңді. Финал­да маңғыстаулық Нұрдәулет Жарыл­ға­повпен жолы түйісті. Қос алып негізгі уақытта ырғасып жүрді де, бір-бірінің шеңгеліне іліне қой­мады. Кілемдегі төреші қоян-қолтық белдесуге шақырды. Бұ­ған дейін екі қарсыласын дәл осы қоян-қолтық белдесуде шөге түсіп ау­да­­рып тастаған еді. Финалда да дәл осы тәсілін қолдануға ұмтыл­­­ға­­ны­­мен, Қайсар табандылық таны­тып, беріл­меді. Ұрымтал сәтте өзі әдіс жа­сап, ауыр қарсы­ласын алып ұрды.

«Qazaq kuresi» қауым­дас­тығының бас директоры Дамир Бекбосынов ұлттық күрестің қанаты кеңге жайылып, өзге ел­дер­де де дамуы жолында ауқым­­ды жұмыс атқарылатынын атап өтті. Елімізде төл өнерге қы­зы­ғу­шы жастардың қатары артып келе­тінін жеткізді. «Дала қы­ран­­дары» республикалық тур­ни­­­рі­не іріктеуден өтіп қатысқан әр балуанның тегеу­рінді екенін айт­ты. Жеткіншек өрендердің ұлттық спортқа ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруда мұндай додалардың маңызы жоғары екеніне ерекше тоқталды.

Қазақ күресінен ұлттық құ­ра­маның бас бапкері Ғани Кел­діқұлов турнир жаңа есім­дер­дің жарқырап шығатын додасы екенін мәлім ете келіп: «Жуырда ғана қазақ күресінен ел чемпионаты мәресіне жетті. Сол тартыста жас балуандар топ жарып, өздерінің қарымын байқатты. Астана төрінде өткен «Дала қыран­дары» сайысында да жаңа есім­дер танылды. Мұның барлығы бәсе­ке­лестіктің жоғары екенін айқын­дай түседі. Әр салмақта сегіз ба­луан ғана белдесуге мүмкін­дік ала­тын тартыстың бәсі де, бәсе­кесі де жоғары. Жеңімпазға ғана 5 мил­лион теңге мен белбеу бері­ле­­тін­діктен, әрбір балуан барын салып күресті. Бабы келісіп, бағы жанған саңлақтар топ жарды», деді.

Турнир бірнеше жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бәй­гесі қомақты бәсеке жоғары дең­гейде ұйымдастырылды. Тағы бір көңіл қуанарлық көрініс, олим­пиадалық спорт түрлерінің саң­лақ­тары, Олимпиада, әлем чем­пио­­н­­дары ұзақты күн ұлттық кү­ресті ұлықтап, балуандарға жан­­­күйерлік танытты. Рио жаз­ғы Олим­­­пиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, әлем чемпионы Мерей Ақшалов, Лондон жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжү­рек Таңатаров, Париж жазғы Олим­пиадасының қола жүл­де­гері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чем­­пио­натының бірнеше дүркін жүл­­дегері Алмат Кебісбаев сынды са­ң­­лақ­тар қатысушыларға қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше