
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесі жақсарып келеді. Биылғы төрт айда әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 188,5 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. 97,9 мың адам өтініш берусіз-ақ жәрдемақы немесе төлем алудың игілігін көрді.
Отбасы • 15 Мамыр, 2025
Ақмарал Науатбек – қазақ қыздары арасынан парадзюдодан тұңғыш әлем чемпионы атанған, Париж жазғы Паралимпия ойындарында да алғаш болып алтын медаль олжалаған саңлақ. Даңқты спортшының жетістікке жетудегі даңғыл жолында анасының қолдауы, отбасының демеуі орасан.
Спорт • 13 Мамыр, 2025
Суға жүзуден ұлттық құрама өкілдері Афинада өткен халықаралық турнирде сегіз медаль жеңіп алды. Дүбірлі додаға елімізден барлығы 18 спортшы мен 5 бапкер барды.
Жоба • 07 Мамыр, 2025
Тумысынан он екі мүшесінің кемдігі байқалып, қадам басуы арманға айналған баласының әр қимылы – ата-анаға ерекше қуаныш. Оны жүрегінен өткізген жандар ғана түйсіне алса керек. Былтырдан бері елімізде «Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасы іске асырылып, жақсы нәтиже көрсетті. Жеті айдың ішінде 247 бала инновациялық техникалық құралдың игілігін көріп, 178 науқаста оң динамика байқалған.
Талбесік • 07 Мамыр, 2025
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру биоәртүрлілікті сақтаудың ең тиімді бағыты саналады. Әлемдік қауымдастық та осы ұстанымды жөн көреді. Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейту жүйелі жүргізіліп, 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға ұлғайтылды.
Спорт • 30 Сәуір, 2025
Волейболдан Филиппинде өткен әйелдер арасындағы Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» командасы жеңіске жетті. Жетісулық волейболшылар финалдық тартыста Вьетнам клубын 3:1 есебімен ұтты.
Еңбек • 29 Сәуір, 2025
Былтыр өндіріс кезіндегі жазатайым оқиғадан 1048 жұмыскер зардап шегіп, 202 адам қайтыс болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметінше, өндіріс орындарындағы жарақат алу дерегі 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеген.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Биылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша, елімізде 2 млн 465 мың адам зейнеткер. Олардың зейнетақысына өткен үш айда республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
Ақтауда каратэден (WKF) ересектер арасындағы еліміздің чемпионаты аяқталды. «Halyk Arena» әмбебап спорт кешенінде 400-ге тарта татами шебері ката, кумите бағдарламаларында бағын сынап, жүлделерді сарапқа салды.
Digital • 10 Сәуір, 2025
Биылғы қаңтар айынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 211,6 мың тапсырысы орындалды. Азаматтардың өмір сүруін жақсарту мақсатында құрылған портал арқылы техникалық оңалту жабдықтарын сатып алу, жеке көмекші, ымдау тілі маманының қызметіне жүгіну, сонымен қатар санаторийлік-курорттық емдеудің игілігін көреді.