Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
236 материал табылды

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Канаданың «Hellosafe» сарап­тамалық платформасы жылды қорытындылап, 186 мемлекет­тің экономикалық өркендеу индексін ұсынды. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ деректері негізінде жүргізілген талдауда еліміз «эко­номикалық даму индексі» рей­тингіне кірген. Индексіміз 47,36-ны құрап, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, Орталық Азия елдерін басып озды.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024

Жағымсыз жыл сөзі

Оксфорд университетінің тіл мамандары жыл сайын қоғамдағы маңызды өзгерістерді, трендтерді сипаттайтын сөзді анықтайды. Биыл таңдау «brain rot» (ақылдың құлдырауы) тіркесіне түскен.

Таным • 04 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Чикагодағы «Тары»

Чикагоның төрінде тұрған «Тары» қазақ этно-кофеханасы аз уа­қыт­­та жергілікті халықтың көз­айымына айналды.

Экономика • 03 Желтоқсан, 2024

Өрге басқан өндіріс

Өнеркәсіп саласы еңсесін тіктегелі «Қазақстанда жасалған» деген тіркес жауһарымызға айналды. Нарықтық экономиканың елеулі элементі өндіріс екенін ұққалы, сапалы зауыттар салуға ден қойдық.  Десе де жол ортадан тоқырауға ұшырағандар көп болды. Тек сапаны серік еткендер ғана біршама белесті бағындыра алды. Соның бірі – 10 жылдан бері тасы өрге домалаған «Talas Investment Company». Зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін және 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіреді. Алыс-жақын алтын өндіруші компанияларға натрий цианидінің дайын өнімін жөнелтеді. Жамбыл облысының Талас ауданында орналасқан өнеркәсіп кешенін өз көзімізбен көріп қайттық.

Digital • 29 Қараша, 2024

Дауыспен ақша аудару мүмкіндігі

Алдағы уақытта дауыспен ақша аударуға болады. «Halyk Bank» ақша аударымдарын дауыспен жүзеге асыратын функция ұсынбақ. Бұл туралы банк төрағасының IT және инновациялар жөніндегі орынбасары Андрей Заварзин хабарлады.

Digital • 28 Қараша, 2024

Әмбебап әдісті әуелеткен платформа

«EdTech» кейінгі онжылдықта қарқынды дамып, әлемдік білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Дәстүрлі оқу үдерісін толықтырып қана қоймай, инновациялық шешімдер ұсынды. Оның еліміздегі аяқ алысы да жаман емес. Оған бірден-бір дәлел – «Codiplay» платформасы. Жаһанның 13 еліндегі 300 мек­тепте жұмыс істеп, 750 мың оқушының IT сауатын көте­ріп жүр. 4 жыл бұрын ғана басталған кішігірім стартап, бүгін­гі күні 100 млн долларға бағаланып, 20 млн доллар инвес­ти­ция тартқан.

Қоғам • 27 Қараша, 2024

Сақтандыру: сенім мен жауапкершілік

Қазір елімізде 25 сақтандыру ұйымы бар. Оның 15-і жалпы сақтандырумен айналысады. Ал 10-ы өмірді сақтандыру саласында жұмыс істейді. Жалпы, кейінгі бес жылда сақтандыру саласы айтарлықтай өскен. Компаниялардың активтері 56%-ға ұлғайып, 1,4 трлн теңгені құрады, ал сақтандыру төлемдерінің көлемі 70%-ға артты. Соның ішінде міндетті автосақтандыру, мүлікті ерікті сақтандыру, ауырған жағдайда ерікті сақтан­дыру жетекші бағыт болып тұр.

Жоба • 26 Қараша, 2024

Серіктестікке серпін берген қадам

«ҚМГ» мен «Татнефть» «Қаратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Атырау облысында бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, сондай-ақ ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты.

Технология • 22 Қараша, 2024

Көмескі әлемнің көрінбейтін әлеуеті

Метаверс (Metaverse) – цифрлық дәуірдің жаңа кезеңдегі рәмі­зіне айналды. Онда виртуалды кеңістік, біз өмір сүріп жат­­қан ғалам мен цифрлық әлемнің әртүрлі аспектілері бірік­тірі­леді. Пайдаланушыларға бірегей байланыс, жұмыс, ойын-сауық мүмкіндіктерін ұсынады. «Meta» (бұрынғы Facebook), «Microsoft» сынды ірі корпорациялар бұл салаға миллиардтаған қаржы құйып, оны болашақтың платформасы ретінде таныстырып жүр. Бұл тек фантастика ма, әлде болашақ па?

Банк • 21 Қараша, 2024

Барлық банкке бірыңғай QR-код енгізіледі

Ұлттық банк кез келген терминалдан төлем жасауға болатын банк­ара­­лық QR төлем жүйе­сін іске қосты. Енді бар­лық банктің тер­ми­на­лы арқылы QR-кодпен тө­лем жасай аласыз. Айт­­пақшы, бұл әзір­ге қанатқақты жоба. Ұлт­тық банк (ҰБ) пен Ұлт­тық төлем корпорация­сы (ҰТК) қолға алған жоба ая­сындағы алғашқы тран­закция 15 қарашада Қазақ­стан қаржы­гер­ле­рі­нің конгресінде болды.