Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Аймақтар • Кеше

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Шығыс Қазақстан облысының арнайы делегациясы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автоно­мия­лық­ ауданына (ШҰАА) жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – екі ел арасындағы ын­ты­­­мақ­тастықты нығайту, туризм саласын дамыту, сондай-ақ өндіріс пен өнеркәсіп өрісін кеңейту.

Шаруашылық • 26 Маусым, 2025

Тарыдай уылдырықтан тайдай тулаған балық өсіреді

Балықтың бабын білетін мамандар Күршім ауданын­дағы құлдырап бара жатқан кәсіпті қайта аяқтан тұрғызды. Талан-таражға түсіп, тозығы жеткен мекемеге 2019 жылы жаңа инвестор келді. Содан бастап шаруашылықтың өндірістік бағыты көбейді.

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Қасым Қайсенов кентінде ауысымына 150 адам қабылдай алатын, жалпы ауданы 3 853 шаршы метрді құрайтын жаңа емхана пайдалануға берілді.

Аймақтар • 17 Маусым, 2025

Төр Алтайдағы төрткүл дүние көз тіккен той

Неше күннен бері Алтайдың аясын тұлпардың дүбірі мен домбыраның күмбірі тербеді. Сақи даланың тарихынан сыр шертетін шарада түбі бір түркілердің ұрпақ­­тары бас қосып, мәре-сәре болысты. Сонау Саха елі, Түркия, Қырғызстан сынды бауырлас мемлекеттерден өнер жұлдыздары келді. Алқалы басқосу аясында қазақтың көрнекті қаламгерлері Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханға арналған конференция, жыр кеші ұйымдастырылды. Осылайша, басталған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі үш күнге созылды.

Өндіріс • 13 Маусым, 2025

Ерекше балаларға арналған құрылғы Өскеменнен шығады

Облыс орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жиһаз жасайтын орталық жұмысы дөңгелеп тұр. Елімізде 230 мыңға жуық ерекше бала бар. Шығыс Қазақстан мұндай бала саны кейінгі бес жылда 9 мыңнан 11 мыңға көбейді. Ерекше балаларға сапалы білім беру мақсатында үш жыл бұрын С.Аманжолов атындағы ШҚУ жанынан инклюзивті білім беру орталығы ашылып, ерекше балаларға арналған жиһаздар жасала басталды.

Маман • 06 Маусым, 2025

Протездеудің шебері

Кейінгі жылдары жамбас сүйегінің үгілуі, тізедегі артроз секілді дерттер жас­та да, кәріде де кездесетін болды. Оны емдеудің жолы – эндопротездеу, яғни эн­доскопиялық тәсілмен операция жасап, науқастарға титаннан про­тез салу. Эндоскопиялық әдіспен протездеу облыстың екі ауруханасында жүргізіледі.

Мереке • 03 Маусым, 2025

Ерекше мереке

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында және жазғы демалыс­тың басталуына орай, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қала сыртындағы лагерьлердің бірінде балаларға арналған ерекше мереке өткізді. Бұл іс-шара жас қатысушылар үшін ұмытылмас сыйға айналып, шаттық пен қауіпсіздік, мейірімді көңіл күйге толы атмосферада өтті.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 03 Маусым, 2025

Үздік омарташылар ардақталды

Елімізде 12 мың омарташы тіркелсе, оның 60 пайызы шығыстың үлесінде. Сондықтан да шығар, күні кеше Өс­кеменнің іргесінде «Шы­ғыстың үздік омар­­та­шысы» байқауы ұйым­дас­тырылды. Мұн­­да ара бағудың қыр-сыры мен бал шай­қау­дың әдіс-тә­сілдері айтылды.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Мамыр, 2025

2 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынады

Өскемен қаласының орталық алаңында өткен «Шығыс маманы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мемлекеттік мекемелер мен жекелеген компаниялар оқу орнын тәмамдап жатқан түлектерге, жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындарын ұсынды.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2025

«Жасыл елдің» жаңа маусымы

Күршім ауданында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XXI маусымы ашылды. Биыл облыс бойынша мыңға жуық жастар қала мен ауылды көркейтуге атсалыспақ.