Аймақтар • Бүгін, 09:50

Емхана – ел игілігіне

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым Қайсенов кентінде ауысымына 150 адам қабылдай алатын, жалпы ауданы 3 853 шаршы метрді құрайтын жаңа емхана пайдалануға берілді.

Емхана – ел игілігіне

Кейінгі жылдары өңірде денсау­лық сақтау нысанда­рын жөн­деу, жабдықтау, жаңадан салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаң­ғырту» ұлттық жобасы аясында Ұлан ауданында 5 жаңа медициналық пункт салынды, 4 амбулатория жөн­деу­ден өтті. Жаңа емхана ғимараты заманауи стандарттар мен технологияларға сай жабдықталған.

– Заманауи емхана тұр­ғындардың өмір сапасын жақсартуға оң әсер ететіні сөзсіз. Облыс басшылығы халықтың денсаулы­ғын сақтау мақсатында барынша жұмыс атқарамыз, – деді салтанатты шараға арнайы келген облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов. 

Емханада диагностика жүргізу үшін микро­биологиялық, серологиялық зерттеулер жүргізуге мүм­кін­дік беретін бакте­рио­логиялық зертхана қарастырылған. ФГДС, колоно, видеоколоноскопия, рентген, маммография, флюрография, УДЗ, физиотерапия кабинеттері жұмыс істейді. Мекеме құра­мына қысқамерзімді емделуге арналған күндізгі стационар, жоспарлы, шұғыл операциялар жасалатын операция блогі, стоматологиялық, хирургиялық кабинеттер кіреді.

Сонымен қатар терапевт кабинеті мен төрт шақыру санаты бойынша шұғыл медициналық көмек бөлімі жұмыс істей бастады. Жақын арада жедел жәрдем стансасын да жаңа емхана ғимаратына көшіру жоспарланып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы