Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1015 материал табылды

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Шығыс Қазақстан облысында балықшылар адасып кеткен

Зайсан көлінің бетінде адасып кеткен балықшылар полицияға қоңырау шалуға мәжбүр болған. Қалың қамыстың арасында қайықпен жүрген олар, жағаны таппай қалған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 10 Қыркүйек, 2020

«НКВД» мөрі

Тарбағатай тау сілемдерінің Қытай шекарасына таяу тұсындағы Қарабас және Ақберлі тауларында тасқа орнатылған түйме пішіндес шойын геодезиялық белгі бар. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің айтуынша, бұл НКВД-ның мөрі.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

26,5 мың оқушы мен мұғалімге компьютер беріледі

Жуырда «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына сатып алынған компьютерлерді бөлу ашықтығы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Көз тартқан көне кітаптар

Көрмедегі құнды деректерге толы көне кітаптарға көпшіліктің назары ауды. Тым-тым ертеде шыққан жауһар кітаптар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті кітапханасының сирек қорында сақтаулы. Сирек қордағы 63 ұлттың әліппесі де көрмеде көрініс тапқан.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Жақындары үшін жұдырықтай жұмылған

Еліміздегі пандемия кезінде адамдар бір-біріне ба­уырмалдық танытып, көмек қолын созып жатқаны көңіл қуантады. Қысылтаяң кезде тығырықтан өзара жол тауып шығудың өзі ауызбіршіліктің белгісі. Індет іргеге келгенде береке-бірлігі бекем аудандар қор ашып, түскен қаржыға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар сатып алып жатты.

Таным • 07 Қыркүйек, 2020

Шығыстың шығысы – Шындығатай

Шығыстың шығыстағы нүктесі – Шындығатай. Болды, одан әрі қалың жыныс, биігін бұлт шалған қожыр шыңдар. Солтүстік-шы­ғысын Ресей, оңтүстік жағын Қытай жайлаған. Тура тартсаң – шекарасы бізбен шектеспейтін Моңғолия. Каспийге дейін созылып жатқан қазақтың ұлан-ғайыр қасиетті даласы сол Шын­дығатайдан басталады.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020

Ауылға 6 миллионның әжетханасы қажет пе?

Катонқарағай ауданының Берел ауылына қойылған санитарлық-гигиеналық торапты дәретхана халық арасында әртүрлі пікір туғызып жатыр. Даулы пікірге өзек болған негізгі мәселе – дәретхананың құнында. Екі кабиналы дәретхана бағасы 6 млн теңгеге жуық. Шекараға таяу ауылдардағы еңселі үйдің өзі 6 млн теңге тұрмаған соң тұрғындардың күмәнмен қарауы да қисынды.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2020

Төрт баланы мас жүргізуші қағып кеткен

Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылында алкагольді ішімдік ішкен жүргізуші төрт баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Қараталда соққан дауыл 15 үйдің шатырын ұшырды

         Бүгін Зайсан ауданы, Қаратал ауылында кешкі сағат алтылар шамасында қатты дауыл соғып, бірнеше үйдің шатырын ұшырып кеткен.

Руханият • 04 Қыркүйек, 2020

Елекеден ерекше жәдігерлер табылды

Барқытбел қойнауындағы Елеке сазынан біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларға тиесілі ерекше үлгідегі жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.