Таным • 02 Қазан, 2024
Сүмбіле тумай Ұланның жазира даласына төселген жүз сырмақ көпшілікті елең еткізді. Мұншама сырмақ ненің құрметіне төселді деген сан сауалға сауын айтып жатырмыз деп жауап қатты белгілі туристік оператор, кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Сөйтсек, 12 қазанда болатын бүркітшілер фестивалін ат шаптырым аумақты алмаса да, едәуір жерге жайылған сырмақ үстінде отырып хабарлаған.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Өскемендегі 19 шағын ауданда қос мұнаралы мешіт бой көтерді. Әл-Фараби даңғылы бойындағы бұл мешітке әлемге әйгілі ғұламаның есімі беріледі.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2024
Шығыста 250-ге тарта азаматтың құқығы қалпына келтірілген
Президент Жарлығымен бекітілген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыздан бастап еліміздің барлық аймағында өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілді.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024
Өскеменде жыл басында ғана жұмыс бастаған «Cassaқ» тігін цехы халыққа сапалы киім-кешек ұсынып отыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы 15 млн теңге несие алып, жоба-жоспарларын жүзеге асырып жатқан кәсіпорынның келешегі жарқын. Олай дейтініміз, шығыста ұлттық бренд қалыптастыру бағытындағы кәсіпті қолға алғандар некен-саяқ.
Жәдігер • 27 Қыркүйек, 2024
Қабанбай ауылының тұрғыны Бақыт Ақмолда көне заттарды ауласындағы қос бөлмелі қоңыр үйдің ішінде сөрелеп, жинастырып, музей етіп қойғанына таңғалдық. Екі иығына екі жігіт мінгендей өзі де Қабанбай батырдың кескін-келбетінен айнымайды екен.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Өскеменде ғана емес, Шығыс өңірінде алғаш рет кітап фестивалі өтті. Арбатта өткен шарада қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі кітап таныстырылды.
Жәдігер • 20 Қыркүйек, 2024
Шығыс өңіріндегі тарихи құнды жәдігерлердің дені Берел-қорық музейінің қорында сақталған. Соның бірі – түркі дәуіріне тиесілі Қарақаба қорымынан табылған белдіктің жапсырмасы.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2024
Әлеуметтің әуелгі арманы – әуежай
«Катонқарағайда әуежай салынады» деген жаңалықты ресми жиындарда естіп келе жатқанымызға он жылдан асты. Кейінгі жылдары ел бұл ақпаратқа назар аударуды да қойған. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катонқарағай мен Зайсан аудандарында туризмнің әлеуетін дұрыс пайдалану қажет екендігін айта келіп, қос ауданға әуежай салынады дегенді естіген ел, шын қуанды. Себебі Мемлекет басшысының аузынан шыққан сөздің орындаларына көздері жеткен.
Қылмыс • 12 Қыркүйек, 2024
Зейнеткерлерді зар қақсатқан қаскүнем
Бүгінде алаяқтықтың түрі де көп, шегі де жоқ. Өскеменде ер адам құбырларды тексеруге немесе есептегіштердің пломбаларын ауыстыруға келгендей болып, қарияның ақшасы мен құны 1 млн теңгеден асатын әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен.
«Таза Қазақстан» • 11 Қыркүйек, 2024
Қоқыстан тазарып, қаланың өңі кірді
Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған «Котлован» жағалауындағы аумақты тазарту жұмысы жүргізілді. Шараға белсене қатысқан тұрғындар жағалаудан 200 қап қоқыс жинап шығарды.