Аймақтар • 17 Сәуір, 2025

Шемонаихада көпқабатты үйлерге газ беру уақытша тоқтатылады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шемонаиха қаласында 1-мамырдан бастап 37 көпқабатты тұрғын үйде газбен жабдықтау жүйесін тоқтату жоспарланып отыр. Бұл жағдай 1040 пәтерге кері әсер етеді. Тоқтатпасқа амал жоқ. Газ жеткізу жүйесінің жабдықтары әбден тозған, деп жазады Egemen.kz

Шемонаихада көпқабатты үйлерге газ беру уақытша тоқтатылады

Шемонаиха қаласында 13 газ тарату қондырғысы жұмыс істейді. Олар 46 баллонға газ жеткізеді. Аталған 37 көпқабатты тұрғын үйді газбен осы қондырғылар қамтамасыз етеді. Алайда, әкімдік деректері бойынша, қазіргі уақытта 1040 пәтердің тек аз бөлігі ғана газды пайдаланып отыр. Газ құбырының ұзындығы 5,5 км. Жүйені «КАПАН» ӨКФ ЖШС негізінде қызмет көрсетеді.

Тексеру нәтижесінде қысымды 20%-ға төмендету арқылы 2025 жылғы 1 мамырға дейін уақытша пайдалану рұқсат етілді және газ баллондары мен металл құбырларды толықтай полипропиленге ауыстыру ұсынылды.

Аудан әкімдігінде атап өткендей, техникалық тексеру нәтижесінде қысым реттегіштердің ақаулары сияқты көптеген бұзушылықтар анықталған. Мамандардың қорытындысы бойынша, жүйені қазіргі күйінде әрі қарай пайдалану тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. 

Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданының әкімдігі түпкілікті шешім қабылдау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қатысуымен қолданыстағы газ құбырларын қосымша зерттеу мәселесін қарастырып жатыр.