Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
«Самара-Шымкент» автокөлік жолының Ақтөбе облысы аумағындағы Белқопа ауылының жанында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соғысып, екі жүргізуші мен 10 жолаушы қайтыс болды деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы полиция департаменті берген мәліметке сүйене отырып.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Дәрігерді өлтіріп, 5 млн теңгесін иемденген күдікті 20 жылға сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 69 жастағы дәрігерді өлтіріп, есепшоттарындағы 5 млн теңгеден астам соманы иеленген диализдік орталықтың медицина қызметкерін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Ақтөбе полициясы отбасылық жанжалдардың себебін атады
Ақтөбе облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша 4 мыңға жуық қоңырау түскен. Сондай-ақ отбасында ұрып-соғу деректері бойынша 187 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Әйтеке би ауданының екі ауылына көгілдір отын келді
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке және Тереңсай ауылдарына газ құбыры тартылып, екі мыңға жуық тұрғын пеш жағу бейнетінен құтылды. Жоба шалғай елдімекендерді газдандыру жобасы аясында іске асырылды. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын құбыр құрылысын «Ерзат» ЖШС-і жүргізді. Енді жыл соңына дейін көршілес Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына да көгілдір отын жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қазан, 2025
Ескі монша жанындағы оқушы өліміне қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Темір ауданы Қопа ауылында болған қылмысқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
11 қылмысты ізін суытпай әшкерелеген жедел уәкіл марапатталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік жедел уәкіл-2025» байқауында Байғанин аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ырзалы Сағынғалиев бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025
Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды
Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры тартылды. Осылайша Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай көмір, тамызық сатып алу бейнетінен арылды. Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынып жатқан 11 емдеу мекемесінің үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы атап өтілді
Ақтөбеде тарихи тұлға, қазақ хандығы дәуірінің ірі өкілі, көреген би, өз заманының ойшылы Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған кең көлемде іс-шаралар өтті. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық театр сахнасында «Мөңке би» тарихи драмасы сахналанды. Облыс орталығының іргесіндегі Ақшат елдімекенінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен асық атудан сайыс өтіп, ат бәйгесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.