Taza.kz
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
122 материал табылды

Таным • Бүгін, 08:38

Арынғазы ханның ұрпақтары

Ақтау қаласының тұрғыны, зейнеткер дәрігер Әзірбай Жүрсінбайұлы Ораз Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1816­–1821 жылдары Кіші жүз ханы болған Арынғазы Әбілғазыұлының шөбересі Ғалиахметтің қызы Варвара мен оның анасы Нина Николаевнаның фотоальбомын табыстады. Фотосуреттерді Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Тұнбалық геология кафедрасының доценті, Ресей ҒА Биология институты Ботаникалық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Ресей ҒА жанындағы Палеонтология және орыс географиялық қоғамдарының толық мүшесі Сергей Михайлович Снигиревский сақтап келген.

Шахмат • Кеше

Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты

Ақтөбеде халықаралық FIDE төрешісі, әлемдік шахмат қозғалысының көрнекті ұйымдастырушыларының бірі Владимир Дворковичтің құрметіне арналған халықаралық шахмат турнирі өтті. Бір аптаға созылған жарыста әлемнің 21 елінен келген 210 шахматшы Masters және Open санаттарында бақ сынады.

Аймақтар • Кеше

Ойыл ауданындағы екі ауылға газ келді

Биылғы жылдың соңына дейін Ақтөбе облысында 9,8 мың адам тұратын 23 елді мекен орталықтандырылған газ құбырына қосылады деп жоспарланса, оның 14-і өткен жылдардан келе жатқан ауыспалы жоба болатын. Күні кеше Ойыл ауданының Ақкемер және Кемер елді мекендері табиғи газға қосылды.

Тағзым • 04 Маусым, 2026

Азамат есімі ардақталды

Құдайберген Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік универси­тетінде белгілі лингвист ға­лым, қоғам қайраткері, ұлт руханияты мен білім саласының көрнекті өкілі Мұхтар Арынның 90 жылдығы аталып өтті.

Қоғам • 26 Мамыр, 2026

«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» жолы қашан аяқталады?

Ұзақ жыл бойы көлік жүргізушілерінің ең өзекті мәселесіне айналған «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысы былтыр басталды. Жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын бұл жол – еліміздің батысы мен орталығын жалғап, Ресейге шығатын стратегиялық маңызды «Самара – Шымкент» халықаралық дәлізінің негізгі бөлігі. Бүгінде тәулігіне 18 мыңға жуық көлік қатынайтын екі жолақты жолдың тарлығы, тозығы жеткен жабыны мен жиі болатын жол-көлік оқиғалары көптен бері күрделі мәселеге айналған еді.

Қоғам • 17 Сәуір, 2026

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Тоқсан жылдан бері орта және кіші буын медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Гиппократ», «Добромед», «Мейірім» волонтерлік топтары белсенді жұмыс істейді. Алғашқы екеуі паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға күтім жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті үйрету бағытында жұмыс атқарса, соңғысы қайырымдылық шаралар өткізумен айналысады.

Талбесік • 10 Сәуір, 2026

Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді

Қоршаған ортаның сәні саналатын әрі экологиялық тепе-теңдігін көрсеткіші рөлін атқаратын жабайы қызғалдақтар алқабы бүгінде ерекше қорғауға зәру. Назар аударарлық жайт, осы кезге дейін дала өсімдіктерінің жойылған не азайған түрлері туралы экологиялық мониторинг жүргізілген жоқ.

Білім • 02 Сәуір, 2026

Тіл тазалығы ой тазалығынан басталады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Балгенже Қарағұлова жастардың сөйлеу мәдениетінің жылма-жыл төмендеп бара жатқанына алаңдайды. 

Тұлға • 31 Наурыз, 2026

Жұбан әулетінің жәдігерлері

Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі 1983 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы орта кәсіптік-тех­никалық училище жатақханасының үш бөлмесінен ашылды. Сол жылы Алматыдан композитордың қызы Ғазиза Жұбанова арнайы келіп, әкесінің біраз дүниесін сыйға тартты. Олардың арасында Ахмет Қуанұлының домбырасы мен дирижерлік фрагі, өз қолымен жазылған нота дәптерлері бар еді.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2026

Алаңдауға негіз жоқ

Ақтөбе облысы биыл су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі өңірдің қатарына енді. Оған қыста түскен қардың аздығы, жердегі тоңның жұқалығы сынды бірнеше себеп бар.

Яндекс.Метрика