Тұлға • Кеше
Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі 1983 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училище жатақханасының үш бөлмесінен ашылды. Сол жылы Алматыдан композитордың қызы Ғазиза Жұбанова арнайы келіп, әкесінің біраз дүниесін сыйға тартты. Олардың арасында Ахмет Қуанұлының домбырасы мен дирижерлік фрагі, өз қолымен жазылған нота дәптерлері бар еді.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысы биыл су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі өңірдің қатарына енді. Оған қыста түскен қардың аздығы, жердегі тоңның жұқалығы сынды бірнеше себеп бар.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді
Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық мәдениет сарайында жас жыршылар тәулік бойы кезек-кезек қиссалар мен дастандар, терме, халық композиторларының шығармаларын орындады. Жыраулық дәстүрді дәріптеуге арналған ауқымды жиын «Ер Едіге» жыр мектебінің бастамасымен жүзеге асты. 24 сағат бойы жырмен көмкерген 36 жыршының өнерін Азия мен Африка елдері бойынша халықаралық GBR сарапшылары бақылап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Таңғы сағат 07.00-де Ақтөбе қаласындағы №119 учаскеде 18 жастағы Абзал Боранбай алғаш рет дауыс берді. Жергілікті университетте құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 - курс студенті Абзал ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, дауыс беру бюллетенін алғаш қолға алғанда ерекше сезімде болғанын жасырмады.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ
Ақтөбе қаласындағы Жағалау көшесі бойындағы «Гүлдәурен» балабақшасында орналасқан №119 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумға дауыс беруге келген алғашқы тұрғындарға есігін ашты. Өз сайлау учаскесіне дауыс беруге ең бірінші болып келген облыстық обаға қарсы күрес стансасының инженер-механигі Марат Шериповке №119 сайлау учаскесінің төрағасы Күлсім Төлембайқызы Шоқпарова сыйлық табыстады. Марат Шерипов обамен күрес мекемесінде 18 жылдан бері жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, немерелері бар. Ол тұрғындарды бүгінгі саяси науқанға белсенділікпен қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейңн өңір басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумның ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 13 Наурыз, 2026
Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу
2019 жылы Қарғалы ауданының Қосестек ауылына жақын жердегі Тараңғұл өзенінің сол жақ жағалауынан табылған ежелгі адамдар қонысы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын туғызды. Кейінгі қола дәуіріне жататын Тараңғұл тұрағынан шыққан бай олжаларды Ә.Марғұлан атындағы Археология институты ерте темір дәуірі бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу мен Жанаргүл Қалиева зерттеуге кірісті.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Шалқар ауданының орталығында В.Н.Цеханович атындағы спорт кешені ашылды. Бокс, дзюдо, грек-рим күресі сияқты олимпиадалық спорт түрлерімен бір мезетте жүзден астам бала жаттығуға лайықталған бірнеше залы, киім ауыстыратын бөлмелері мен 300 орындық трибунасы бар жаңа кешен ашылғанына жұртшылық қатты қуанды.
Ауа райы • 12 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?
Ел тұрғындарының арасында борышкерлердің көбеюі – бүгінгі күннің алаңдатарлық мәселелерінің бірі болып отыр. Банктер мен микроқаржы ұйымдары жұрттың төлем қабілеттерін тексермей, қарыз таратуы салдарынан кейінгі жылдары төлем уақыты кешіктірілген немесе мүлде төленбеген несиелер саны күрт артты.