Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
595 материал табылды

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025

Уақытқа бейімделген колледж

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі – қуатты инфрақұрылымы бар, түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары, халықаралық жобаларға белсенді қатысып, білім беруде жаңашылдық әдістерді енгізген, өндіріс және қолданбалы зерттеулерді шебер ұштастырған оқу орны. 1979 жылдан бері тау-кен саласына мамандар даярлап келе жатқан бірегей кәсіптік оқу орнының жұмысымен танысуға Хромтауға жол тарттық. Оқу орнының тау-кен зертханасын, оқу-кен полигонын аралап, шахта көліктерін басқаруға оқытатын «Boomer – 282» қондырғыларын көріп, ұшқышсыз басқарылатын ұшу жабдықтарын құрастыратын студенттермен жүздесіп, мехатроника және өндірістік автоматика жұмыстарымен танысып қайттық.

Энергетика • 03 Қыркүйек, 2025

ERG «Хромтау» жел электр стансасын іске қосты

Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінде еліміздегі ең ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр стансасының (ЖЭС) қосылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов, Қазақстанның Даму банкі өкілдері, ҚХР Бас консулдығының Ақтөбедегі өкілі қатысты.

Құрылыс • 29 Тамыз, 2025

ERG «Хромтау»  жел электр стансасының құрылысын аяқтады

Ақтөбе облысында еліміздегі ең ірі «жасыл» энергетика  жобаларының бірі –  қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр стансасының қосылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек • 28 Тамыз, 2025

Максимнің ғажайып бағы

Темір ауданы Жақсымай ауылдық округі бұрынғы мұнайшылар ауылы. 1950 жылдары мұ­най өндіру мекемесі ашыл­ған­да Шұбарқұдық кәсіп­шілігіне жан-жақтан мұнайшылар келген. Аудан орталығымен арасы жеті шақырым ғана. Бұл жерде мұнайшылар әулетінің бірнеше ұрпағы өніп-өскен. Солардың бірі – Чирковтар әулеті.

Еңбек • 22 Тамыз, 2025

Еңбекпен тапқан ырысын

Хромтау ауданында тұратын жеке кәсіпкер Гүлзира Ажығұлова екі жылдан бері қой мен жылқы, сиыр етінен шұжық жасап, сатылымға шығарып келеді. Әу баста әупіріммен басталған іс уақыт өте келе бір ізге түсіп, облыс көлемінде үлкен сұранысқа ие болды.

Жұмыс • 19 Тамыз, 2025

Жәрмеңкеде 248 жұмыс орны ұсынылды

«Ақтөбе қаласының мансап орталығы» филиалы, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты және қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жастар күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған қатысқан өңірдегі 37 мекеме мен кәсіпорын өкілі 248 жұмыс орнын ұсынды.

Қоғам • 09 Тамыз, 2025

Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь

Жастардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімдерін нығайтып, тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында Ақтөбе қаласының колледждері мен жоғары сынып оқушыларына арналған «Aqtobe camp-2025» жобасы ұйымдастырылды. Үш күн бойы 50 жасөспірім Мәртөк, Қарғалы, Қобда аудандарын аралап, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандар жұмысымен танысты, табиғат аясында серуендеп, экологиялық іс-шаралар ұйымдастырды.

Өндіріс • 07 Тамыз, 2025

Арнайы техникаға сұраныс артты

Өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері Ақтөбедегі арнаулы техника шығаруға маманданған «Truck Center» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Жылына 300-ден астам көлік құрастырып, сатылымға шығарып отырған кәсіпорын өнімдері индустриялық және сапа сәйкестігі сертификаттарымен расталған.

Аймақтар • 31 Шілде, 2025

Ақтөбе облысында он екі ауыл жабылуы мүмкін

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында оқушылар санының аздығына байланысты 12 ауыл мектебін (9 орта, 3 негізгі) оңтайландыру жоспарланып отыр. Мектептердің жабылуы  12 ауылдың келешегіне де  қауіп төндіреді. Оның үстіне, осы елдімекендер  Ресей Федерациясының Орынбор облысының  шекара шебінен 30–40 шақырым  қашықтықта  орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Шілде, 2025

Ақтөбе облысында алты мектеп пайдалануға беріледі

Биылғы оқу жылында Ақтөбе облысының  мектептеріне 19 мыңнан астам бала 1-сыныпқа келеді деп жоспарланса,  шілденің соңына дейін  15 170 (78,7 %)-нің құжаттары қабылданыпты.  Сондай-ақ  оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілетін  алты жаңа мектептің төртеуі «Келешек мектептері», екеуі жекеменшік білім беру ұйымы, деп хабарлайды Egemen.kz.