Оқиға • 20 Қаңтар, 2026

Криптовалютадан пайда таппақ болған азамат 1 млн теңгесінен айырылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалжар ауданының 41 жастағы тұрғыны онлайн ойын барысында белгісіз тұлғамен WhatsApp мессенджері арқылы хат алысып танысады. Өзін «SSE CIS» компаниясының өкілі ретінде таныстырған алаяқ криптовалютаға инвестиция салуды ұсынып, бірнеше күннен соң жоғары табыс түсетініне сендірген. Көп ойланбастан жәбірленуші олар көрсеткен есепшотқа 1 миллион теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криптовалютадан пайда таппақ болған азамат 1 млн теңгесінен айырылды

Фото: Ашық дереккөз

Бірнеше күннен кейін уәде етілген дивиденд түспеген соң өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп,  полицияға арызданған. Қазір Қылмыстық Кодекстің  «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Полицейлер мессенджер арқылы жазысқан хаттарды тексеріп, күдікті тұлғаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Осыған дейінгі ескертулерге қарамастан тұрғындардың алаяқтарға алдануы тыйылар емес.

Үйсіз-күйсіз қалды: Павлодарлық зейнеткер алаяқтардың арбауымен баспанасын сатып жіберген

Ақтөбе облыстық полиция департаменті тез әрі кепілдендірілген табыс туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ белгісіз есепшоттарға ақша аудармауды және бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеуді, компаниялар мен инвестициялық платформалар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы қарауды ұсынады.

 

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар