Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
593 материал табылды

Аймақтар • 17 Қазан, 2025

Әйтеке би ауданының екі ауылына көгілдір отын келді

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке және Тереңсай ауылдарына газ құбыры тартылып, екі мыңға жуық тұрғын пеш жағу бейнетінен құтылды.  Жоба  шалғай елдімекендерді газдандыру жобасы аясында іске асырылды. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын құбыр құрылысын «Ерзат» ЖШС-і жүргізді. Енді   жыл соңына дейін көршілес Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына да көгілдір отын жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаруашылық • 16 Қазан, 2025

Мәртөк ауданында жиын-терім аяқталды

Қыркүйек айынан қазанның ортасына дейін жалғасқан күздің шуақты да жылы күндері өңірдегі шаруашылықтардың жиын-терімді сәтті аяқтауына мүмкіндік берді. Әсіресе астық өсіріп, мал азығын даярлайтын қожалықтар ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланды.

Аймақтар • 11 Қазан, 2025

Жаңа дәрігерлік амбулатория

Алға ауданының Маржан­бұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бір ауысымда 45 тұрғынды қабылдауға лайықтал­ған емдеу мекемесі Мемле­кет басшысының ауыл­дық ин­фра­құрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.

Экология • 10 Қазан, 2025

Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында   «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты  тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Қазан, 2025

«Бір ауыл – бір өнім» жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе облысының кә­сіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысқан жеңім­паздар марапатталды. Биыл Мәртөк ауданында марал өсіретін «Зәру» шаруа қожалығы, Қобда ауданында «Qobda Milk» брендімен сүт өнімдерін шығаратын «Нұр-МТС» шаруашылығы, Қар­ғалы ауданында бал шаруа­шылығымен айналысатын жеке кәсіпкер Нико­лай Ровенский үздік деп танылды.

Қылмыс • 06 Қазан, 2025

Ескі монша жанындағы оқушы өліміне қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Темір ауданы  Қопа ауылында болған қылмысқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Заң • 06 Қазан, 2025

11 қылмысты ізін суытпай әшкерелеген жедел уәкіл марапатталды

Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік жедел уәкіл-2025» байқауында Байғанин аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ырзалы Сағынғалиев бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 01 Қазан, 2025

Бекзаттық пен дегдарлық үлгісі

Ақтөбеде интеллектуалды поэзияның ірі өкілі, лирик Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығы мен атақты сатирик Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналған «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық байқауы өтіп, поэзия мен проза жанры бойынша сынға түскен 140 шығарманың үздіктері анықталды. Қуандық Төлегенұлының туған жері Қарабұтақ ауылындағы ақын тойына жан-жақтан жұрт жиналып, ұрпақтары да келіпті. Ақтөбедегі «Шығармашылық академиясы» ғимаратында өткен «Сөз өнерінің сәулеткері» атты кеште ақынның көзін көрген қаламдас інілері естеліктерімен бөлісті.

Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025

Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды

Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры  тартылды. Осылайша  Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай    көмір, тамызық  сатып алу бейнетінен арылды.  Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын  тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025

Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды

Ақтөбе облысында қайтарылған  қаражат есебінен салынып жатқан  11 емдеу мекемесінің  үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік   амбулатория  бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын,  деп хабарлайды Egemen.kz.