Технология • 17 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда мемлекеттік сатыпалым жүйесі бірыңғай цифрлы платформаға көшірілді
Қазір мемлекеттік сатыпалымның барлық процесі (жоспарлаудан бастап төлемге дейін) www.goszakup.gov.kz веб-портал арқылы электронды форматта жүзеге асырылып келеді. Бұл барлық бизнес-процесті толық автоматтандыруға жол ашты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2025
Мектеп оқушылары адамға даусын қайтаратын құрылғы ойлап тапты
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектепінің оқушылары дауысынан айырылған адамдарға сөйлеу мүмкіндігін қайтаратын VoiceX атты құрылғының прототипін әзірледі. Құрылғы мойындағы өте әлсіз вибрацияларды анықтап, оларды адамның өз дауысына мейлінше ұқсас сөйлеуге айналдырады. Жоба қазір патенттеу кезеңінде тұр, сондай-ақ Samsung Solve for Tomorrow байқауының жартылай финалына өткен, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Қыркүйек, 2025
Ақтауда бір пәтерді бірнеше адамға сатқан компания басшысы қамауға алынды
Ақтауда "Global Construction bi" ЖШС-нің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бір пәтерді бірнеше сатып алушыға сатқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қыркүйек, 2025
Жерде тағы магниттік дауыл тұрады
16 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 02:00 бен 04:00 аралығында Жер бетінде жаңа магниттік дауыл тіркелді. Бұл G1 деңгейіндегі (әлсіз) құбылыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қыркүйек, 2025
Үсік, тұман. 17 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Синоптиктер 17 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда вокзал мен тұрғын үйге бомба қойылғаны өтірік болып шықты
16 қыркүйекте Талдықорған қаласының жедел қызметтеріне теміржол вокзалы аумағына және Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш құрылғы қойылды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қыркүйек, 2025
Байқоңырда ұшырылған тышқандар мен шыбындар ғарыштан жерге оралады
Түрлі сынақтан өткен тышқандар мен шыбындар ғарыштан жерге оралады, деп жазады Egemen.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Талғат Ермегияевке мерзімінен бұрын босап шығуға тағы рұқсат берілмеді
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан тағы да бас тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 16 Қыркүйек, 2025
Цифрлық дәуірдегі ұлттық медиа: қазақша контенттің әлеуеті артып келеді
Қазіргі заман – білім мен технологияның тоғысқан тұсы. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып, жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Дүниежүзінде экономиканың жаңа бағыты ретінде креативті индустрияға басымдық беріліп отырғаны тегін емес. Осындай кезеңде ұлттық цифрлық контентті дамыту – тек мәдени қажеттілік қана емес, елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ететін стратегиялық міндет.
Технология • 16 Қыркүйек, 2025
Digital Bridge 2025: жасанды интеллект пен технология саласындағы көшбасшылар Астанада бас қосады
2-4 қазан күндері Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді. Бұл іс-шарада жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық капитал, ғылым мен білім саласының әлемдік сарапшылары бас қосып, өзара пікір алмасады, деп жазады Egemen.kz.