Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1313 материал табылды

Экономика • 27 Тамыз, 2021

Шағын және орта бизнес несие алғысы келеді

Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында шағын бизнес тарапынан несиеге деген сұраныс біршама өскен. Несие өтінімдерінің басым бөлігі жеке кәсіпкерлер тарапынан көбіне мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтын банктерге келіп түсіпті.

Экономика • 27 Тамыз, 2021

Қарызын азайтқан банктер

Қазір банк біткен сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін барын салып жұмыс істеуде. Соңғы бір айда төленбей тұрғанына 90 күннен асқан несие көлемі (NPL 90+) 400,4 млрд теңгеге қысқарған.

Экономика • 23 Тамыз, 2021

Алматы – арзан қала

The Economist сарапшылары қалалардағы тауарлар мен қызметтер бағасын салыстыра отырып, әлемдегі қымбат қалалар рейтингін жариялады. Бұл рейтингте Алматы қаласы ең арзан қалалардың бірі ретінде көрсетілді.

Экономика • 23 Тамыз, 2021

Агроөнеркәсіп кешені: Инвестиция әлеуеті

Былтырдан бері агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция бір жарым есе өскен. Капиталдың 40 пайызы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына бұйырыпты.

Қоғам • 19 Тамыз, 2021

Әлжуаз жандарды қолдайтын «Әрекет»

Соңғы уақытта «әлеуметтік кәсіпкер» ұғымы пайда болып, сөздік қолданы­сымызға берік орныға бастағандай. Қазірде оның жекелеген бағыттары мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы қолға алынған.

Экономика • 17 Тамыз, 2021

Банк секторында жарты жылда не өзгерді?

Отандық банктер ел азаматтарына несие беруді аса қарқынды жалғастырып жатыр. Алғашқы жартыжылдықтың өзінде 9,3 трлн теңге несие беріліпті. Оның 54 пайызын корпоративтік сектордың займдары құрайды екен.

Экономика • 16 Тамыз, 2021

Ел экономикасы қалпына келіп жатыр ма?

Еуразиялық даму банкі кезекті макро экономикалық шолуын жария етті. Шолуда Қазақстан ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 2,2 пайызға өскені айтылады. Банк сарап­шы­ларының айтуынша, бірінші жарты жылдықта елдегі экономикалық белсен­ділік жыл­дам қалпына келе бастады. Олар тіпті II тоқсанның қорытын­дысы бойын­ша Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге көтерілді деп бағалайды.

Технология • 16 Тамыз, 2021

Смартфон арқылы сауда жасау қызып тұр

Мобильді төлемдер нарықтағы жаңа трендке айналып келе жатыр. Бұл қауіпсіз әрі қолайлы. Бір жыл ішінде мобильді телефон және интернет арқылы жасалған транзакциялар 2,5 есе артыпты.

Экономика • 15 Тамыз, 2021

«Дельта» штамының экономикаға ықпалы

Дүниені дүр сілкінткен «Дельта» штамы жаһандық экономиканы еркін билеп-төстеуге айналды. Ұлттық банк өкілінің айтуынша, қазіргі ахуал тым шиеленісіп кете қойған жоқ, тиісінше мамыражай да емес. Қазақстан экономикасының өткелде тұрғанына қанша уақыт болды десеңізші.

Экономика • 12 Тамыз, 2021

Сыртқы сауда айналымы артты

2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,4 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға ілгерілеу бар екенін көрсетеді.