Экономика • 16 Тамыз, 2021
Ел экономикасы қалпына келіп жатыр ма?
Еуразиялық даму банкі кезекті макро экономикалық шолуын жария етті. Шолуда Қазақстан ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 2,2 пайызға өскені айтылады. Банк сарапшыларының айтуынша, бірінші жарты жылдықта елдегі экономикалық белсенділік жылдам қалпына келе бастады. Олар тіпті II тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге көтерілді деп бағалайды.
Технология • 16 Тамыз, 2021
Смартфон арқылы сауда жасау қызып тұр
Мобильді төлемдер нарықтағы жаңа трендке айналып келе жатыр. Бұл қауіпсіз әрі қолайлы. Бір жыл ішінде мобильді телефон және интернет арқылы жасалған транзакциялар 2,5 есе артыпты.
Экономика • 15 Тамыз, 2021
«Дельта» штамының экономикаға ықпалы
Дүниені дүр сілкінткен «Дельта» штамы жаһандық экономиканы еркін билеп-төстеуге айналды. Ұлттық банк өкілінің айтуынша, қазіргі ахуал тым шиеленісіп кете қойған жоқ, тиісінше мамыражай да емес. Қазақстан экономикасының өткелде тұрғанына қанша уақыт болды десеңізші.
Экономика • 12 Тамыз, 2021
2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,4 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға ілгерілеу бар екенін көрсетеді.
Қоғам • 12 Тамыз, 2021
Cұранысқа ие мамандықты онлайн меңгеріңіз
Елімізде сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектесетін онлайн-курстар платформасы іске қосылды. Ол бірнеше мамандық бойынша білімді тегін игеруге көмектеседі.
Экономика • 11 Тамыз, 2021
Биыл алты айда Қазақстанда 40 мыңға жуық автокөлік құрастырылыпты. 40 мың техниканың бөлшек-сайманын орын-орнына салып, кілтпен бұрап, қажетті жабдықтарын түгел қондыруға 311,1 млрд теңге жұмсалған. Құрастырып қана қоймай, көліктерді экспортқа да шығарыппыз: 4387 автомобиль. Бұл бізге 28,2 млрд теңге табыс әкелген.
Экономика • 10 Тамыз, 2021
Бізде жиі қымбаттайтын, сонысымен халықты ара-тұра бір сілкінтіп қоятын тауардың бірі – бензин. Соңғы бір жылда жанармай бағасы 14 пайызға өскен. Сөйтіп қымбатсынатын бензиніміз Еуропа елдеріндегі бағамен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
Экономика • 09 Тамыз, 2021
Қашықтан жұмыс істеудің экономикаға әсері
Енді әлем жылнамасын парақтағанда оны пандемияға дейін және пандемиядан кейін деп бөлерімізге зәредей күмән қалмады. Індет салдарынан адамдар қашықтан жұмыс істеп, сауданың өзін онлайн іске асыруға мәжбүр болуда. Бұл өз кезегінде еңбек нарығы заңдылықтарын өзгертіп, экономикаға өзгеше әсер ете бастады.
Қоғам • 08 Тамыз, 2021
Кепілдік беру – фермерге көмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», деген болатын. Яғни агроөнеркәсіп кешенін дамытуға Президент пәрмен беріп отыр.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
Интернетсіз цифрлану: Қызметті онлайн тұтыну көңілден шыға ма?
Смартфондағы интернет қарқыны көрсеткіші Е-ден H-қа әрең ауысатынын, тариф біткеннің тиімсіз, ақша сорғышқа айналғанын, ауылдардың әлі 2000 жылдардың арғы жағында қалып кеткенін былай қоя тұрсақ, бізде қызметтерді онлайн тұтыну өсіп жатыр екен. Жаппай цифрландыру басталғалы әпелтек-тәпелтек күйімізде такси, тамақ, ойын-сауық – барлығын телефон арқылы төлей бастадық. Ара-тұра қалтамызға ақша салмайтынымызды айтып мақтанып та аламыз.