Инвестиция • 26 Шілде, 2025
Ұлттық банктің инвестициялық кірісі
Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордағы активтердің көлемі шамамен 66,2 млрд долларды құрады. Оның 58,8 млрд доллары – валюталық портфель, 7,4 млрд доллары – теңгедегі активтер.
Саясат • 25 Шілде, 2025
Ілкімді бастамалар жүйелі жалғасқаны жөн
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен Президенттің әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Ол әлеуметтік саясат дегеніміз тек бюджет шығындарының өсу көлемі емес, адами капиталға, халықтың денсаулығына, жастардың біліміне, қоғамның тұрақтылығына бағытталған инвестициялар екенін атап өтті.
Қаржы • 24 Шілде, 2025
Банк секторында қаржы институттарының бірігу үдерісі белсенді жүріп жатыр. «ForteBank» таяуда «Home Credit Bank»-тің 100% акциясын сатып алды. Мұның алдында «Halyk Bank» «Қазкомды», «Банк Центр Кредит» «Альфа-Банкті» сатып алып, «Jusan» мен «АТФ Банк» біріккен. «Бәйтерек» холдингінің «Сбербанкті» сатып алып, кейін оны қатарлық қаржы ұйымына «ұзатып» салғаны да күні кеше. Сонда қаржы институттарының іріленуі неден хабар береді? Тағы қандай шағын банктер алпауыт қаржы мекемесінің құрамына кіруі мүмкін? Бұл туралы реттеуші нендей ұстанымда, сарапшылар қандай пікірде?
Жоба • 22 Шілде, 2025
«ZAVOD FEST» – мол мүмкіндіктер алаңы
«ERG» компаниясы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургтер күніне орай және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кең ауқымды фестиваль өткізді. Фестиваль барысында кәсіби бағдар жайы түсіндіріліп, зауыт жұмысының қыр-сыры көрсетілді. Көрермен құрметіне думанды концерт те қойылды.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Ұлттық компаниялар «ен байлықтан» айырыла ма?
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ қаржы жылдың соңында пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару тетігі айқындалды. Жоғары аудиторлық палатаның хабарлауынша, Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді.
Экономика • 09 Шілде, 2025
Трамп тарифінде қандай өзгеріс бар?
АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап еліміздің АҚШ-қа баратын тауарларға 25% импорттық баж енгізетінін мәлімдеді. Трамп Қазақстанмен сауда қатынасының беріктігін және маңыздылығын атап өтіп, сауда балансы тапшылығына қарамастан ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеген. «Біз Қазақстанмен сауда қатынасымызды ұзақ жылдар бойы талқыладық және Қазақстанның тарифтік және тарифтік емес саясаты мен сауда кедергілерінен туындаған ұзақ мерзімді және өте тұрақты сауда тапшылығынан бас тартуымыз керек деген қорытындыға келдік. 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ-қа жөнелтілетін барлық қазақстандық тауарларға салалық тарифтерден бөлек, бар болғаны 25 пайыздық баж салығын аламыз», делінген мәлімдемеде.
Шаруашылық • 04 Шілде, 2025
Ұн тартушылардың ұпайы түгелденеді
Осыдан бірер ай бұрын ұн тартатын кәсіпорындардың жаппай жабылып жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұрын Орталық Азия елдері ұнды бізден сатып алса, енді бидайды ғана сатып алып, ұн өңдеуді өздері жүзеге асырып жатыр. Салдарынан отандық ұн өңдеушілер үшін өткізу нарықтары тарылды. Осы ретте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұн тартушылардың қажеттілігін нарықтық бағамен қамтамасыз етпек.
Бюджет • 03 Шілде, 2025
Сарапшылардың есептеуінше, биыл сәуірде экономиканың нақты секторы сенімді өсуді жалғастырды. Бұған ең бірінші кезекте құрылыс, транспорт және қоймалау бағыттарындағы жоғарғы қарқын әсер етті. Жарты жылға шолу жасаған Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығы (AERC) мұнай өндірудің жоғарғы деңгейі тау-кен саласын ынталандырып жатыр деп есептейді.
Баға • 02 Шілде, 2025
ОПЕК-тің болжамынша, маусым айында мұнайға деген әлемдік сұраныс жылдық мәнде тәулігіне 1,3 млн баррель деңгейінде сақталады. Бұл өткен айдың бағалауымен сәйкес келеді дейді AERC сарапшылары. Сұранысты күшейтіп отырған елдер – Қытай, Үндістан және Азияның өзге де мемлекеттері. Биылғы мұнайдың жаһандық жалпы сұранысы тәулігіне 105,1 млн баррельді құрайды екен.
Қазақстан • 02 Шілде, 2025
Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы
Еліміз жыл санап Орталық Азиядағы (ОА) экономикалық көшбасшы ретіндегі ұстанымын күшейтіп келеді. Пандемия мен 2022 жылғы геосаяси шиеленістен кейін ірі сауда-логистикалық хабқа айналу мәселесін де күн тәртібіне шығардық және ол нәтижесіз де емес. Қазір ел аумағы арқылы жүйткіп жатқан тауар ағыны ұлғайды. Бұл біздің сауда, инвестиция және инновация орталығына айналу мүмкіндігімізді еселейтіні даусыз.