
Экономика • 13 Қыркүйек, 2023
Қате декларацияны қалай түзетеміз?
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің аяқталуына 1 күн ғана қалды. 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Тамыздың қорытындысы бойынша инфляция 13 пайыз болып, жыл басымен салыстырғанда (20 пайыз) біршама баяулағанына қарамастан тауарлар мен қызметтер әлі де қымбат. Jusan Analytics дерегі бойынша ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын күнделікті шығындарына жұмсауға мәжбүр. Әрине, күнделікті шығын санаты да әр алуан. Біреу үшін ол тамақтану, киім кию болса, біреулер жалақысының басым бөлігімен несиесін жабады, қарызын өтейді.
Шаруашылық • 11 Қыркүйек, 2023
5 млн гектар жерден астық жиналды
Қазіргі егін жинау науқаны кезінде фермерлер үшін астықты кептіруге қажетті дизель отынының қолжетімділігі, ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруалардың несиелерін ұзарту, субсидиялар бойынша қарыздарды жабу мәселелері өзекті болып отыр.
Инфляция • 11 Қыркүйек, 2023
Қатаң ақша-несие саясаты жалғаса ма?
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім қабылданатын уақытқа дейін әлі біраз бар. Дегенмен Ұлттық банк төрағасының ауысуы осыған дейін қолданылып келген ақша-несие саясатына өзгеріс енгізетін сыңайлы. Қазір базалық мөлшерлеме – 16,50 пайыз, инфляция деңгейі – 13,1 пайыз. Жыл басымен салыстырғанда біршама төмендеді. Бірақ «солай екен деп базалық мөлшерлемені төмендетіп жіберсек, қайтадан ауыр инфляция қыспағында қалмаймыз ба?», деген сауал туады. Енді бір сарапшылар мөлшерлемені дәл бұлай ұстап отырудың қисыны жоқ, халыққа да, бизнеске де қымбат кредит қол жеткізбей тұр дейді.
Депозит • 07 Қыркүйек, 2023
Көптің көңілі «көк қағазда»...
Депозит – азаматтардың банктегі жинағы. Сөмкеде тұрғанға қарағанда қаржы институтының қоржынында тұрған ақшаның бәсі жоғары. Өйткені оған ай сайын, жыл сайын пайыз қосылып, үстемеленеді, көбейеді. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі 32 трлн теңгеге жеткен. Көрсеткіш бір айда 1,9 пайызға артыпты.
Өнім • 07 Қыркүйек, 2023
«Euromonitor International» нарықты зерттеу халықаралық ұйымы мен «Picodi.com» сервисі сарапшыларының есептеуінше, ел азаматтарының тұтынушылық шығындарының жартысына жуығы (49,4%) азық-түлікке кетеді. Бұл дамыған елдермен салыстырғанда көп. Мысалы, АҚШ-та азық-түлік шығындарының үлесі небәрі 6,7% болса, Еуропа елдерінің көпшілігінде бұл көрсеткіш 9%-19% аралығында. Африканың кейбір кедей елдерінде де адамдар азық-түлікке бізге қарағанда аз жұмсайды: Угандада – 44,2%, Камерунда – 45,2%, Эфиопияда – 41,3%.
Экономика • 01 Қыркүйек, 2023
Ресейлік арзан өнім қыспағынан қалай құтыламыз?
Мамандардың жанайқайынан ұққанымыз – қазір отандық тамақ өнеркәсібін одан әрі дамыту емес, өндірістің қазіргі көрсеткіштерін сақтап қалу мәселесі өзекті болып тұр. Тамақ өнеркәсібі комитеті мүшелерінің пікірінше, тамақ өнеркәсібі саласындағы отандық кәсіпкерлер бұрынғыдан да мемлекеттің қолдауына мұқтаж.
Инвестиция • 31 Тамыз, 2023
Қаржы ұйымдарының инвестициясы
Елімізде бастауын күтіп тұрған және біртіндеп жүзеге асырылу кезеңіне кіріскен әлеуетті экономикалық жоба өте көп. Бәрі де қаражатқа келіп тіреледі және есепшотқа тиісті сома түскен күннен бастап жобаның да тасы өрге домалап жүре бермек. Мәселен, отандық өңдеу өнеркәсібі жобаларын ынталандыру үшін 500 млрд теңгеден аса қаражат қажет екен.
Экономика • 28 Тамыз, 2023
Халықаралық маркетплейс кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік береді?
Болам деген кәсіпкердің бетін қақпай, белін буатын бірқатар мемлекеттік қолдау тетіктері қазір тәуір жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлікті тіркету, алған несиені субсидиялау, қолдау шараларының игілігін көру біршама оңайлатылды. Жеке кәсіпкерлікті (ЖК) екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жедел әрі жеңіл тіркеуге болады.
Банк • 28 Тамыз, 2023
Ұлттық банк кейінгі үш жылда алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдады. Ставка 16,75 пайыздан 16,50 пайызға төмендетілді. Ұлттық банктің хабарлауынша, нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады.