Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
335 материал табылды

Коронавирус • 05 Тамыз, 2021

Әскери дәрігерлер көмекке келді

Коронавирустық инфекциямен аурудың ұлғаюына байланыс­ты жергілікті атқарушы органның өтінішіне орай Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы Әскери клиникалық гос­питалі инфекциялық стационар ретінде өрістетілді.

Қоғам • 03 Тамыз, 2021

Аңқау елге – арамза шенеунік

Бала кезімізде ауылымызда қолынан таспиғы түспейтін ақ сәлделі молда болды. Ақсары кескініне қарап, ауылдағылар «Ақ молда» деп кеткен. Өзі фашистермен соғысқа қатысқан ардагер еді. Майданда жүргенінде қайдан олжалағаны белгісіз, бір алтын жалатылған қымбат самауырды арқасындағы қапшығына тығып ұстап, соғыс біткен соң елге ала келіпті. Осыны естігенде өз басым сол молданың қанкешудің ішінде жүрсе де дүние-мүлікке қызыққанына қайран қалып, оның имандылық жайлы жұртқа айтқан уағызының шынайылығына сенбеуші едім. «Аңқау елге – арамза молда» деген мақал сол кісіге қарата айтылғандай көрінетін...

Саясат • 02 Тамыз, 2021

Уәделер мен өтініштердің орындалуы қалай?

Nur Otan партиясы «Өзге­ріс­­тер жолы: Әр азамат­қа ла­йықты өмір!» сайлауалды бағ­дар­­ламасын жүзеге асыруға ба­ғыт­талып, әрбір өңір, қала және аудан бо­йынша қабылданған 217 жол картасы аясында бүгін­де берілген уәделердің республи­калық деңгейде 7 пайызы, ал өңірлерде 5 пайызы орындалды.

Саясат • 29 Шілде, 2021

Нұротандықтардың айқын жеңісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформалар аясында өткен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша Nur Otan партиясының кандидаттары және өзін өзі ұсынушы партия мүшелері округтердің 86 пайыздан астамында жеңіске жетті.

Саясат • 28 Шілде, 2021

Ауыл әкімдерінің сайлауы: Сайлаушылар белсенділігі жоғары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – ауыл әкімдерін тікелей сайлау елімізде ұйымшылдықпен, халықтың айтарлықтай белсенділігі жағдайында әрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтті деуге толық негіз бар. Мұны облыстық сайлау комиссиялары жариялаған дауыс беру қорытындылары туралы ресми деректер айғақтап отыр.

Қоғам • 27 Шілде, 2021

Қорқудан қалдың ба, қазағым?..

Былтыр коронавирус пандемиясы үдеп тұрған кезде осы індет ошағы болған Қытай елінде аса қатерлі дертпен күрес қалай жүргізіліп жатқандығы көрсетілген бейнежазба көзіме түскен еді. Онда полицейлер мен санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандары көшеде бірлесе іс-қимыл жасап, көлік жүргізушілерін тоқтатып, денелерінің температурасын өлшеп жүргендігі бейнеленген.

Қазақстан • 22 Шілде, 2021

Резервтегі әскери қызмет: Кім және қашан шақырылады?

Жақында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери ведомство халықаралық тәжірибеге сүйеніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындағанын мәлімдеді.

Үкімет • 22 Шілде, 2021

БҰҰ-да тыңдалатын баяндама талқыланды

Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» қорғауға дайындалу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Қоғам • 20 Шілде, 2021

Азаматтарды алаламайық

«Газетпен шыбынды және... министрді «өлтіруге» болады». Өркениетті мемлекеттерде ертеректе айтылған осы сөз бүгінде біздің елде де өмір шындығына айнала бастағандай ма, қалай? Мәселен, жуырда «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акцио­нерлік қоғамының меншігіне өтіп, бағыт-бағдарына қазіргі заман талабына сай  өзгеріс  енгізіліп жатқан «Казахстанская правда» республикалық газетінде жария­ланған, Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойын­ша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден көшіп келген қоныс аударушыларды қабыл­дау ісінде өрескел кемшіліктерге жол беріл­гендігі өткір сыналған мақалаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасымен кешенді тексе­ріс жүр­гізіліп, нәтижесінде аталған өңір­дегі Айыртау және Есіл аудандарының әкім­дері қызметтерінен босатылып, облыс пен аудандық деңгейдегі бір­қатар бас­шы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Үкімет • 15 Шілде, 2021

Қазақстан-Испания: Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Испания Корольдігіне ресми сапары аясында 20-дан астам ірі испандық компания басшыларының қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар бірқатар жаңа жоба бойынша испан тарапымен нақты келіссөздер жүргізілді.