
Тағайындау • 15 Сәуір, 2024
Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Айдар Жәкібаев Алматы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Тағайындау Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
«Сені асырап алу үшін 12 мың доллар төледім». Жәнібекті асырап алған анасы сырын ашты
Қазақстанда биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек (Мұрат Савельев) алғаш рет өзін асырап алған анасымен жария сұхбаттасты. Сұхбат барысында Жәнібек Валериден неліктен баланы Арқалықтан асырап алғанын, асырап алу процесі қалай жүргенін, істің егжей-тегжейін сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Сәуір, 2024
Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 16-18 сәуір аралығында Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Парламентінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Президенті Еревандағы Парламент ғимаратында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен кездесу өткізді. Кездесуде екі елдің заң шығарушы органдарының ынтымақтастығы мен мәдени-гуманитарлық саладағы келісімді нығайту мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2024
Петропавлда жабайы қабан, қасқыр жүргені рас па?
Су тасқыны аймақтарында көрінеу жалған ақпарат тарату әрекеттері тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігі «Петропавлда тасқын сумен бірге жабайы қабан, қасқыр пайда болды» деген сарында жалған хабарлама таратқан тұрғындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты: барлық проблема құқық алаңында шешілуі тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Тиісті заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
«Үйіңізді су басуы мүмкін». Орал қаласының әкімдігі үндеу жасады
Орал қаласының әкімдігі Ресей аумағынан келетін судың мол мөлшері аймаққа 2-3 күнде жетуі ықтимал екенін айтып, дабыл қағып отыр. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарды эвакуациялануға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Атырауда тасқын суын қабылдайтын орындар дайындалып жатыр
Қазақстанда су тасқыны қаупі әлі де сейілер емес. Елдің 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып тұр. Соның ішінде Атырау облысында тасқын суды қабылдау үшін каналдарда бос орындар дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Сәуір, 2024
Ел азаматтарының айлығы орташа жалақы мөлшерінен аз болып шықты
Finprom.kz қаржы агенттігі жүргізген есепке қарағанда, ел тұрғындарының 2023 жылы алған айлық мөлшері орташа жалақы көлемінен 4 есе аз екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2024
«Эвакуцияланғандарды кепілге алды». Құлсары тұрғыны полицияға хабарласқан
ІІМ қызметінің аймақтардағы өкілдері бір күнде 3 жалған терроризм фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.